Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар Екіжақты аударма дегеніміз не?
Екіжақты аударма барысындағы аудармашы рөлі
Аудармашыға қажетті дағдыла
Аудармашыға қойылатын талаптар
Тақырып №115. Синхрондық аударма барысындағы аудармашының ролі Мазмұны:
Синхрондық аударма туралы түсінік
Синхрондық аударма ережелері
Синхрондық аударма барысындағы аудармашының ролі
«Синхрондық аударма» — бұл аудармашы оратордың сөзін тыңдай отырып, тура сол сәтте (2-3 секундқа ғана қалып отырады) аудармасын айтып отыратын ауызша аударманың тәсілі. Синхрондық аударма оратор микрофон арқылы сөйлеп, оның сөзі аудармашыға құлаққа киетін аппарат арқылы естілетін, арнайы кабинада техникалық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады, сол жерден аударма Рецепторларға жеткізіліп отырылады. Осындай құралдың арқасында аудармашының дауысы оның түпнұсқаны тыңдауына кедергі келтірмейді. Синхрондық аударманың бір түрі болып аудармашы кабинада емес, Рецептордың қасында орналасып, құлаққа киетін аппарат пен микрофон арқылы немесе оларсыз аударманы оған сыбырлап айтып отыруы түріндегі «сыбырлау» табылады. Синхрондық аударма – ауызша аударманың қиын түрі, өйткені ол аудармашыдан бір уақытта бірнеше қимылдарды қатар аудара білуді талап етеді: бір тілде тыңдау, оны басқа тілге аудару және оратордың сөйлеу темпінен қалмай сол тілде сөйлеу. Осы үш әрекеттің барлығын синхронизациялау жадының үлкен жұмысымен, жоғары қадағалаулықпен, сөйлеу компрессиясын жүзеге асырудың қажеттілігімен, түпнұсқаның келесі бөлімдерін бағдарлаумен, тез арада шешімдер қабылдаумен және т.б. байланысты. Аудармашы мамандығын әртістің мамандығндай.Бірақ оған қарамастан,әр мамандықтын өз ерекшелігі болады.Әртістін міндеті кеиіпкердің обрызына кіріп,кейіпкердің іс — қимылын салып,көрермендерге әсер ету. Ал аудармашы керсінше, аударып жатқан адамның образына ешбір қатысы болмау керек.
Аудармашының басты мақсаты, мәтінің аудармасын дұрыс жеткізу, ол қандайда бір жест, дауысының екпіні арқылы тындаушыларда эмоция туғызуға құқұғы жоқ.Ал бұндай жағдай болса, оған мәтінің мағынасы себеп болу керек, сіздің көмегініз емес. Аудармашының дауысы және іс- қимылы аударып жатқан адамның эмоциясына тәуелді болмау керек.
Аудармашының дауысы қатты, әрі анық шығу керек, бірақ ешбір эмоциясыз. Әсіресе сіздердің назарларынызды доклад қорғаушылардың әзіл- қалжындарына аударған дұрыс болады, себебі олардын қалжындарына, сіз аудармаға дейін де, аударғаннан кейін де өздеріңізді ұстап, жай ғана жымйған дұрыс болады.
Әрқашан аудармашылардын есінде сақтайтын бір қағйда бар, аудармашылар екі жағаны қосып тұрған копір, ал басқа болып жатқан нәрселерге оның қатысы болмау керек.
Дәл осы қағидаға сүйене отырып айта кететінім, сіз аударып жатқан адам өз ренжісін немесе ашуын көрсетсе, сіз оның ойын бөліспеуге толығымен құқұғыныз бар.
Тілді оқығанда, сол ұлттын арасында оқыған көп пайдасын тигізеді, шетелдіктерге еліктеңіздер, олардын манераларын келтіруге тырысыңыздар. Өзіңізге үнайтын бір шетел артистің таңдап алыңыз да, соған толығымен еліктеніз.
Ал аудармашының сөздік қорына келетін болсақ, күнделікті қолданатын сөздердің эквиваленттерін жаттап алыныздар, мысалы: «мен сізбен кейін хабарласам», «менімен хабарласып отыр», «кім ақырғы?» … Бұндай сөз тіркестер шетел тілінде тіптен басқаша айтылады.