Тақырып:Қазақстанда және дүние жүзінде жел энергиясын пайдаланудың қазіргі күйін зерттеу. Орындаған



бет4/7
Дата03.10.2023
өлшемі4,13 Mb.
#112751
1   2   3   4   5   6   7
А класы, оған біріңғай энергия жүйесіне қосылмаған ЖЭҚ кіреді. Қолданылуына байланысты, мұндай ЖЭҚ әдетте үлкен емес аккумуляторлаушы қондырғылардан тұрады (электроаккумуляторлаушы). Шығыс кернеуінің жиілігі, ережеге сәйкес, тұрақтандырылмаған. Көбінесе олар жарықтандыруда, белгіліқ құралдарды электрмен қоректендіруде және байланыс құралдарында пайдаланылады. Мұндай ЖЭҚ қуаттылығы 5 – 10 кВт-тан аспайды.

  • В класы, олардың қуаты желі қуатымен өлшемдес. Мұндай ЖЭҚ, ережеге сәйкес, табиғи бөгеттері бар негізгі энергия жүйесінен ажыратылған, жеке аудандардың энергия жүйесінің локалды құрамына кіреді. Бұл жағдайда ең үнемдісі дизельді электр бекеті бар ЖЭҚ аралас қолдану болып табылады. ЖЭҚ дизельді отты үнемдеу құралы ретінде қарастырылады. Мұндай жүйелерде шығыс кернеуінің параметрлері жеткілікті тұрақты. В класының жүйелерінде ең тиімдісі, сутекті аккумуляторлар және кішірек гидроаккумуляторлы бекеттер түріндегі, үлен аккумулаторлы қондырғылар мен ғимараттарды пайдалану болып табылады.

  • С класы. Желі қуаты ЖЭҚ бекіткен қуаттан айтарлықтай артық. Мұндай ЖЭҚ жүйелі желэнергетикасына кіреді. Олар үлкен аудан немесе тіптен мемлекеттің энергетикалық тепе-теңдігінің күйіне әсер ете алады. В класында ЖЭҚ бекітілген 100 кВт –тан бастап бірнеше мегаваттқа дейін пайдалану дұрысырақ. Бұл жағдайда геометриялық өлшемдерімен байланысты мәселелер қиындай түседі, механикалық бөлшектерінің шиеленіске жұмыс режимдері жүзеге асады.

    Қолданылатын жел қозғалтқыштар түрлеріне байланысты генераторлар келесі категорияларға бөлінеді :

    • Қанатты – көлденең айналу осьті жел қозғалтқышы. Қанатты жел қозғалтқыштары қалақшалар санымен ерекшеленеді, 3- сурет.

    • Айналмалы – тік айналу осьті жел қозғалтқышы.Олар ортогональды жәнеқалақшалы желд қозғалтқыштары деп бөлінеді.

    А) Қанаттылар
    Қанатты желқозғалтқышына автоматтық айналу білік құрылғысы қажет ол ауа ағыны қалақты-қанатты жазықтыққа перпендикуляр болған кезде жоғары сенімділікке жетеді. Осы мақсатпен қанат-стабилизатор қолданылады. Қанатты желқозғалтқышының таралуы оның айналу жылдамдығымен түсіндіріледі. Олар электр тоғы генераторымен мультиприкаторсыз қосыла алады. Қанатты желқозғалтқышың айналу жылдамдығы қанат санына кері пропорцинал, сондықтан қалақ саны 3 тен көп агрегаттар қолданылмайды. Айналу жылдамдығы және жасалу оңайлығы қанатты желқозғалтқыштың кең таралуын қамтамасыз етеді.
    С урет 3. Қалақтарының саны әр түрлі жел двигательдері.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет