Тақырып:Қазақстанда және дүние жүзінде жел энергиясын пайдаланудың қазіргі күйін зерттеу. Орындаған



бет5/7
Дата03.10.2023
өлшемі4,13 Mb.
#112751
1   2   3   4   5   6   7
В) Айналмалы
Аэродинамиканың әртүрлілігі айналмалы қондырғыларға дәстүрлі жел қозғалтқыштарымен салыстырғанда артықшылық береді. Жел жылдамдығы артқан сайын олар тартылыс күшін ұлғайтады, содан кейін айналу жылдамдығы қалыпқа келеді. Айналмалы желқозғалтқыштары ақырын жүреді және ол қарапайым электрлік сұлбаларды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, асинхронды қозғалтқыштарда кенеттен жел соққысы болған кезінде апатты қауіп қатерсіз алдын алу. Ақырын жүрушілік бір шектеулік талап қояды- аз айналымда жұмыс жасайтын көп полюсті генератор қолдану. Бұндай генераторлар кең етек жаймаған, ал редуктор жоғарылатқыш мультипликаторларды қолдану тиімсіз себебі соңғыларының ПӘК-і төмен. Карусельдік құрылымның тағы бір маңызды артықшылығы оның қосымша айла-тәсілдерсіз «желдің қайдан соққанын» бақылап отыруы, ол аласа ағындарға тән. Оның құрылымы желқозғалтқышын қосқан кезде максималдық моментті қамтамасыз етеді және жұмыс процесі кезінде максималдық айналу жылдамдығын автоматты түрде қалыпқа келтіреді. Жүктеме артқан сайын айналу жылдамдығы төмендейді және айналу моменті тоқтағанға дейін артады.
С) Ортогоналдық
Ортогоналдық желагрегаттары, мамандардың болжауы бойынша, үлкен энергетикаға келешегі бар. Олардың қолданылуының негізгі қиыншылығы іске қосу проблемасы. Алдымен оған энергия әкелу керек- босату керек және арнайы аэродинамикалық параметрлерге дейін апару керек,содан кейін ол өзі қозғалтқыш режимінен генератор режиміне ауысады.
Желгенераторларының қолданылу диапазоны өте кең. Ертеде жел диірмендерін құру үшін ауа массасының қозғалыс энергиясын пайдаланған. Қазіргі кезде бұндай вариантты қолдану сирек кездеседі. Желқозғалтқышын қолдану тиімдірек болып табылады, мысалы су айдау үшін. Азғантай жел диірмені әлсіз жел кезіндеде скавижанадан немесе құдықтан 30-50 л суды 1сағатта көтере алады.
Стационарлық жел электрстанциялары шағын өндірістік нысаны немесе тұрғын үйді түгелдей электрлік қоректендірумен қамтамасыз етеді, ол үшін аккумуляторлық батареялардың қажетті электрлік энергиясын жинау керек, бұл жел болмаған кезде қолданылады.
ҚАЗАҚСТАН МЕН ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ ЖЕЛ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ КҮЙІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет