«Педагогика ғылымдарының салалары және басқа ғылымдармен байланысы»
Орысбай Аружан 21Б
Жоспар:
- Педагогика ғылымдарының салалары;
- Педагогика ғылымының жүйесі;
- Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
Тәрбие мен оқыту ісінің дамуына байланысты педагогика ғылымының мынандай салалары бар: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология, пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік – техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени – ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс – еңбек педагогикасы т.б. пайда болды.
Педагогика ғылымының жүйесі бірқатар педагогиканың саларынан тұрады:
• Педагогика тарихы-тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын
зерттейді.
• Арнайы педагогика-көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл- ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.
Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т.б.
1) оқу-тəрбие процесінің негіздері;
3) тəрбие теориясы;
2) дидактика (оқу теориясы);
4) мектеп тану.
Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады:
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс- әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірбиесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.
Педагогикалық ой алғашқыда жалпы философиялық білімдер жүйесінде , діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды.Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады. Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблеммаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға – тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |