Тақырыптар, және олардын мазмуны


Несиенің қызметтері қандай?



бет15/73
Дата28.11.2023
өлшемі241,58 Kb.
#130844
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
sciPaper56656

Несиенің қызметтері қандай?
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтері мен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді басқарады.

  1. Қайта бөлу қызметі – кез келген елде ұлттық экономиканың толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Бұл қызмет арқылы экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады.

  2. Несиенің айналыс шығынның үнемдеу қызметінің іс жүзінде асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытшы болатын аймақтық кей жағдайда қаржылай ресурстарды деген қажеттілікті туындатады.

  3. Айналыстағы нақты ақшалардың орнын алмастыру қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар арқылы жүзеге асады.

  4. Капитал шоғырлануын жеделдету қызметі өндірістің ауқымын кеңейтуге, пайда алуға мүмкіндік береді.

  5. ҒТП жеделдету қызметі ғылыммен айналысатын ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.

Несие қатынастары қалай қалыптасады ?
Адамзаттың өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің шаруашылық саласында қаржы-қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар. Қарыз беруші өзінің басы артық ақша қоры есебінен басқа бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра алады. Ал қарыз қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түбегейлі шеше алады. Жеке азаматтар да, кәсіпорындар да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің өзі де несие қызметін пайдалануға құқығы бар.
Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Әдетте, несиенің өріс алуын өнім өндіру саласынан қарастырмай, тауар айырмасымен шұғылданушылар қызметімен анықтау керек. Өйткені тауар айырбасы оның бір қолдан екінші қолға өтуін бейнелейді. Сондықтан бұл құн қозғалысы болумен қатар несие қозғалысының өзегі болып саналады. Сонан несие қатнастары қаржы-қаражат айналысына қарай қалыптасады. Мәселенки, құн түрінде көрініс табатын еңбек құралдары мен шикізаттар кәсіпорындарында ақша, өндіріс, тауар тұрғысында болуы мүмкін. Бірақ бұлардың әр қайсысының игілікке жаратылуы түрліше.
Өйткені еңбек құралдары өндірісте ұзақ мерзім бойы пайдаланылады, олардың құны шығарылатын тауар құнына біртіндеп, бөлік-бөлік қосылады. Осындай жолмен негізгі капиталдың құны қайта қалпына келтіріледі. Бұл қор өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға, одан артылған, кәсіпорынның өз есеп шотында қалған ақша қаражаты басқа қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді. Несие алушы жеке азаматтар да, кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін шаруасын жедел шешу мақсатында несие мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында да несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы басқа орындар ашып, пайда табушылар қатары арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туындаған құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын аса тиімді қаражат қоры болып отыр.
Ақша түріндегі капиталдар нарығында ұзақ мерзімдік құрылыс несиелері, банктердің коммерциялық займдары, тұтушынылық займдар, фермерлік және сауда займдары айналымда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет