.Коммерциялық банк қызмет қалай ұйымдастырылады?. Коммерциялық банiктiң ұйымдастырылу құрылымы банктi басқару құрылымына және оның функциянолдық бөлiмшелерi мен әртүрлi қызметтерiнiң құрылымына бөлiнедi.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктердiң қызметiне тиiмдi жетекшiлiк етудi қамтамасыз етедi. Банктiң құрылтайшылары басқару органына тiкелей қатысады.
Коммерциялық банктер қандайоперациялар жұргізеді?
Пассивтiк операциялар негiзiнде банктiң ресурстары жинақталады. Сондыктан да пассивтiк операцилардың коммерциялық банктердiң қызметiндегi ролi жоғары.
Банк ресурстары пассивтiк операциялар нәтижесiнде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс, қаржы және несие сөздiгiнде пассивтiк операциялар бұл несиелiк және активтiк операцияларды жүзеге асыруға арналған банктiң өз ресурсын құру операциялары делiнедi.
Пассивтiк операциялар көмегiмен банктер нарықтан несиелiк ресурстарды сатып алады.
Пассивтiк операциялардың мынандай формалары болады
коммерциялық банктердiң бағалы қағазды алғашқы эмиссиялауы.
Сонымен банктiң ресурстары 2 топқа бөлiнедi
1. Банктiң меншiктi қаражаттары
2.Банктiң тартылған қаражаттары
Банктiң меншiктi қаражаттары - бұл ұзақ мерзiмдi активтерге жұмсалымдардың басты көзi болып табылады
Банктiң меншiктi қаражаттары банктiң экономикалық дербестiгiн және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететiн әртүрлi қорлар/ капиталдар/ мен бөлiнбеген пайда жиынтығы.
Банктiң меншiктi қаражатына жататындар:
қосымша капиталы және пайда есебiнен құрылған басқа қорлары.
Сақтандыру резервтерi
Бөлiнбеген пайдасы
Банк жарғылық капиталы – банктiң заңды тұлға ретiнде мiндеттi түрде құрылуын және өмiр сүруiнiң экономика негiзiн құрайды.
Резервтiк қор – банк қызметiнде пайда болуы мүмкiн зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Қосымша капитал – негiзгi құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебiнен және белгiлi мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесiнде құрылады.
Арнайы қорлар болса – негiзгi қорларды қайта бағалау негiзiнде,
Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесiнде құрылады.
Бөлiнбеген пайда – акциялар бойынша дивидендтi төлегеннен кейiн және резервтiк қорға аударғаннан қалған пайданың бөлiгi.
Банктiң тартылған қаражаттары - активтiк операциялар, оның iшiнде, несиелiк операциялардың 90 пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетiн қанағаттандырады. Олардың ролi бiршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысы мен қатар халықтың тұтыну қажетiн қанағаттандырады.
Әлемдiк банктiк тәжiрибеден барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсiлдерге байланысты үлкен 2 топқа бөледi
1 - топ депозиттер;
2 - топ депозиттiк емес тартылған қаражат.
Тартылған қаражаттар iшiнде ең көп бөлiгiн депозиттер құрайды.Депозиттер банк үшiн бiрден – бiр арзан ресурс көзi болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердiң, жеке және заңды тұлғаларды, банктегi белгiлi бiр шотқа салған және өздерi пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттiк емес тартылған қаражат - бұл банктiң қарыз түрiнде немесе өз меншiктi қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Активтiк операциялар – бұл операциялардың көмегiмен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшiн және тде өздерiнiң өтемпаздығын қолдануды қамтамасыз ету үшiн орналастырады.
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге әртүрлi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн, қысқа, орта, ұзақ мерзiмдi несие беру.
Халыққа тұтынушылық несие беру, үй құрылысын жүргiзу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзiмде пайдалануға, мүлiк сатып алу.