2.Қаржы нарығының құрылымы қандай ? Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады
Ақша нарығы дегеніміз қолм-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз төлем қаражаттарының нарығы
Несие нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты .
Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады
Қаржы нарығында сатып алу –сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады.Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысімен ортақтастырылатын экономиқалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады . Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды .”Қор нарығы “ термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты .
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұлшаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкімдік береді.
3.Қаржы нарығының жұмыс істеуінің қандай шарттары бар ? Қаржы нарыңыныің жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады :
1) реттеліген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
3) несие нарығының жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;
2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;
3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату; распубликалық, сондай –ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.