Тақырыптар, және олардын мазмуны



бет7/73
Дата28.11.2023
өлшемі241,58 Kb.
#130844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73
Байланысты:
sciPaper56656

Негізгі терминдер :
Қаржы
Қаржы ресурстары
Қаржы қорлары
Қаржы саясаты
Қаржы стратегиясы
Қаржы тактикасы
Қаржы механизмі


Әдебиеттер :
Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003.-448 бет.
Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы : 2001- 108 бет.
Финансы в вопросах и ответах : Учеб. Пособие Под. Ред. д.э.н . проф. Иванова,
д.э.н . проф. В.В. Ковалева М: 2003 – 272 с.
1.Бақылау сұақтары :
1.Қаржы дегеніміз не, ол қашан, қалай өріс алған ?
2.Қаржының экономикалық категория болу себебі неге байланысты ?
3.Қаржының өзгеше белгілері қандай ?
4.Қаржының объективті қажеттігі неде ?
5.Қаржы қандай функцияларды орындайды ?
6.Қаржының қоғамдық дамудағы ролі қандай ?
7.Қаржы саясаты дегеніміз не ?
8.Мемлекеттің қаржы саясатының мазмүны, міндеттері қандай ?
9.Қаржы саясатын жүргізудің қағидаттары қандай ?
Тақырып 1. Қаржы нарығының инфрақүрылымы және оның негізгі элементтері
1Қаржы нарығы, делдалдары түралы түсінік.
2.Қаржы нарығы және оның қүрылымы.
3.Қор биржалары және олардың қаржы нарығындағы ролі
1.Қаржы нарығының ерекшеліктері неде?
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет