1.3.Дәстүрлі , дәстүрлі емес педагогикалық кеңес түрлері Дәстүрлі педагогикалық кеңесте күн тәртібінде қаралатын мәселеге байланысты білім беру ұйымы басшысының, оның орынбасарларының, оқытушылардың, шақырылған мамандардың баяндамалары тыңдалады, талқыланады. және қаулы қабылданады, Оның шешімінінің орындалған, орындалмағаны келесі педагогикалық кеңесте айтылады.
Дәстүрлі емес педагогикалық кеңестер Педагогикалық кеңес-пікірталас ұжымның әрбір мұғалімі (немесе көпшілігі) қандай да бір мәселе бойынша өз пікірін білдіруін, әріптестерінің пікірімен танысуын талап етеді.
Педагогикалық кеңес-консилиумпедагогтардың белгілі бір сынып оқушыларымен жұмыс істеу әрекетін үйлестіру, анықталған қиындықтардың себептерін анықтау және оларды шешу тәсілдерін іздеу үшін өткізіледі.
Педагогикалық кеңес-байқаупедагогикалық ұжымдағы шеберлік байқауларының қорытындысын шығару, үздіктерді анықтау мақсатын қояды.
Педагогикалық кеңес-конференция мектеп педагогтарының белсенді қатысуымен тақырыпты терең және жан-жақты ашуды көздейді.
Педагогикалық кеңес -шығармашылық есеп.Педагогикалық кеңесте-жеке мұғалімнің немесе кафедраның (әдістемелік бірлестіктің) шығармашылық есебінде озық педагогикалық тәжірибе жинақталып, оқыту мен тәрбиелеуді жетілдірудің ең тиімді жолдары іріктеледі.
Педагогикалық кеңес-аукционбелгілі бір мәселе бойынша ұсынылған көптеген идеяларды (әдістемелерді, әдістемелік тәсілдерді) қарастырады. Мұғалімдер назар аударарлық, нақты, өміршеңдер ғана "сатып алынады". Педагогикалық кеңес-аукцион "жобаны қорғау" түрінде де өткізілуі мүмкін.
Педагогикалық кеңес-фестивальжетістіктердің кең қоғамдық байқауы, мереке ретінде өтеді. Көркем безендірілген әр түрлі оқытудың түрлері, әдістері, тәсілдері, құралдары көрсетіледі.
2.Әдістемелік жұмыс туралы түсінік, оның басты мақсаты. Мұғалім жұмысының табыстылығы өз біліктілігін көтеруге байланысты. Мектептегі әдістемелік жұмыс - біліктілікті көтеретін өте маңызды тәсіл. Әдістемелік қызметің басты жұмысы оқыту процесін дамыту үшін оқу тәрбие жұмысын түзету.