1.3.Дәстүрлі , дәстүрлі емес педагогикалық кеңес түрлері.
2. Әдістемелік жұмыс туралы түсінік, оның басты мақсаты.
2.1.Пән бірлестіктері , әдістемелік кеңес.
2.2. Мектептегі әдістемелік(пән) бірлестіктерінің жүйесі.
2.3.Әдістемелік жұмыс түрлері.
Бақылау сұрақтары.
Тапсырмалар.
1.Педагогикалық кеңестің жұмысы педагогикалық кеңес туралы Ережемен (жергілікті акт) анықталады.
1.Педагогикалық кеңестің жұмысы педагогикалық кеңес туралы Ережемен (жергілікті акт) анықталады.
Педагогикалық кеңес-педагогикалық қызметкерлердің тұрақты жұмыс істейтін алқалы өзін-өзі басқару органы. Ол мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарау және шешу үшін өткізіледі. Оның қызметі "Жалпы білім беретін мектептің педагогикалық кеңесі туралы Ережемен" анықталады. Педагогикалық кеңес үш мұғалімнен артық жұмыс жасайтын барлық білім беру мекемелерінде құрылады
1.1.Педагогикалық кеңес құрамы
Педкеңестің тұрақты құрамына мектеп директоры (төраға), оның орынбасарлары, барлық мұғалімдер, тәрбиешілер, сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушылар, әлеуметтік педагогтар, кітапханашы, дәрігер, жалпы мектептік ата-аналар комитетінің төрағасы кіреді. Педагогикалық кеңестің кеңейтілген құрамына талқыланатын мәселелерге байланысты ынтымақтасатын ұйымдар мен мекемелердің өкілдері, ЖОО оқытушылары, жалпымектептік және сыныптық ата-аналар комитеттерінің мүшелері, балалар қоғамдық ұйымдарының өкілдері, ата-аналар, оқушылар шақырылуы мүмкін. Мектептің педагогикалық кеңесінің төрағасы мектеп директоры болып табылады (жекелеген отырыстарда ауысымды төраға сайлануы мүмкін).
1.2.Педкеңестің дәстүрлі жылдық циклі
1. Біріншісі - аналитикалық жоспарлау педкеңесі;
оқу жылы басталғанға дейін, тамыз айының соңында өткізіледі,
және өткен жылдың қорытындыларын талдауға арналған,
жоспар қабылдау және алдағы проблемаларды шешуге бағдарлану;
2. Екінші, үшінші және төртінші педкеңестер – тақырыптық
аралық қорытындылармен;
3. Бесінші - қорытынды-ұйымдастырушылық. Онда жыл қорытындысы шығарылады, емтиханға жіберу, келесі сыныпқа ауыстыру және т. б. мәселелер қаралады.