2.Әдістемелік жұмыс туралы түсінік, оның басты мақсаты. Мұғалім жұмысының табыстылығы өз біліктілігін көтеруге байланысты. Мектептегі әдістемелік жұмыс - біліктілікті көтеретін өте маңызды тәсіл. Әдістемелік қызметің басты жұмысы оқыту процесін дамыту үшін оқу тәрбие жұмысын түзету.
Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты: мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектепке дейінгі мекеме, мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді. Мектепте бір пән бойынша 3 мүғалім болғанда әдістемелік бірлестік қүрылады. Ал мұғалім саны аз болса пәнаралық, мектепаралық бірлестіктер қүрылады. Аудандық әдістемелік бірлестіктер аудан мұғалімдері үшін жылына 2-3 рет мәжілістерін өткізеді. Аз қүрамды мектептерде де әдістемелік бірлестіктер қүрылады. Шет тілі мұгалімдері бірлестігінің жұмысына облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты басшылық етеді. Әдістемелік бірлестік тікелей директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарына бағынады. Бірақ көп жұмыстарға директор басшылық етеді. Әдістемелік бірлестік мүшелері директорға есеп береді. Әдістемелік бірлестікті жетекшісі басқарады. Бірлестік жұмысы оның жетекшісі жасап, директор бекіткен жылдық жоспар бойынша жүреді. Әдістемелік бірлестік мәжілісі айына 1 не 2 рет өтеді. Мектептiң әдiстемелiк кеңесiне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жеткен тәжiрибелi мұғалiмдер, шебер мұғалiмдер, пәндiк әдiстемелiк бiрлестiктердiң жетекшiлерi енеді. Ол әдiстемелiк бiрлестiктердiң жұмысын бағыттап әрбiр мұғалiмнiң теориялық және әдістемелік бiлiмiн жетілдіруін бағыттап отырады. 2.1.Пән бірлестіктері , әдістемелік кеңес