Тақырыптық Оқу- әдістемелік құрал


Стандарт Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету



бет14/17
Дата11.06.2023
өлшемі0,82 Mb.
#100445
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
ашық сабақ

Стандарт
Әлсіріген немесе ессіз күйде құсқан науқасқа көмек көрсету
Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, науқатың тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу.
Дайындаңыз: сүлгіні, лотокты, шылапшынды, электросорғышты, алмұрт тәрізді баллоншаны, клеенканы, шпательді, қайнатылған суды, салфеткаларды, стаканды, қақпағы бар бір рет қолданылатын контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа дәрігерді шақырыңыз.
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты, масканы, алжапқышты киіңіз.
3. Дәрігер келгенге дейін науқасты қырына жатқызыңыз. Егер де бұл мүмкін болмаса, онда оның қалпын өзгертіңіз ( құсық тыныс жолдарына түспеу үшін) басын қырына қарай бұрыңыз.
4. Жастықты алыңыз. Алмалы- салмалы тіс протездерін алып тастаңыз ( егер де олар болса).
5. Науқастың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокты қойыңыз.
6. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе алмұрт тәрізді баллоншамен сорыңыз. Егер де науқас өздігінен ауызын сумен шайқай алмаса, онда ауыз және мұрын қуыстарына күтімді жүргізіңіз.
7 . Құсықты қарап, дәрігер нұсқауы бойынша лабораторияға зерттеуге жіберіңіз, зерттеу мақсатын көрсетіңіз.

Жағдаяттық тапсырмалар
1 жағдаяттық тапсырма
Науқас Б. 48 жас асқазанның ойық жарасы ауруының асқызу фазасымен гастроэнтерологиялық бөлімшеде стационарлық емдеуде.
Шағымдары: тамақтан кейін 30-60 минут өткен соң эпигастральды аймақтың қатты ауырсынуы, ауамен кейде тамақпен кекіру, іштің қатуы, іштің кебуі, «кофе тәрізді» құсық. Науқас өзіні 1,5 жыл аурумын деп айтады, соңғы 5 күн ішінде болған жағдайды стресспен байланыстырады.
Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, төсектегі жағдайы белсенді. Тері жамылғысы бозғылт, тері асты-май талшығы қанағаттанарлық дамыған. Жүрек соғысы минутына 64, қан қысымы 110/70 мм рт.ст, тыныс алу қозғалысының жиілігі минутына 18.
Пациентке нәжісті жасырын қанға зерттеу тағайындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет