III кезең: Жоспарды құру
Қысқа мерзімдегі мақсат:
10 минуттан кейін пациенттің қыжылын азайту, жою. (жекелеген уақыт)
Ұзақ уақытты мақсат: пациентіш күюдің себептерін және онымен күресу әдістері туралы білімін көрсетеді
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз): 1.Дәрігерге хабарлау, жоспарланған күтімді пациентпен байланыстыра білу
2. 1 стакан жылы сүт немесе газсыз, сілтілі минералды суды, 2 % сода ерітіндісін ішуін қамтамасыз ету
3.Қыжыл туғызатын тағамдарды: қара нан, варенье, тәтті сусындар, қуырылған тағамдарды шектеуді айту
4.Пациентті психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек)
IV кезең: Жоспарды жүзеге асыру
V кезең: Күтімнің нәтижесін бағалау
Есіңізде болсын! Мейіргер күту мақсаттарына жетуі үшін пациентінің түсінуін және қолдауын
білу керек, ол үшін пациент пен мейіргер көмек жоспарының әрбір бөлімін қарастыру керек
3)
I кезең: ақпаратты мұқият жинау
II кезең: мейіргерлік диагноз қойылады- тәбеттің болмауы
III кезең: Жоспарды құру
Қысқа мерзімдегі мақсат: а)аптаның аяғына қарай пациент денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсінеді (жекелеген уақыт)
Ұзақ уақытты мақсат: пациентің ауруханадан шыққанша дене салмағы өзгермейді, азаймайды
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз): 1.Дәрігерге хабарлау, жоспарланған күтімді пациентпен байланыстыра білу
2. Белгіленген диетаға және пациенттің тәбетіне байланысты мәзірді өзгерту, түрлендіру
3. Пациентті күніне 5-6 рет аз мөлшерде жылы тағаммен тамақтандыру
4.Тамақтанудың эстетикасына, дәміне, иісіне тамақ пісіргенде көп көңіл аудару
5.Пациентті психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек): 1.Рационға дәмді шай, балық, ет сорпасын, қышқыл тағамдарды енгізу
2. Тамаққа дейін 30-40 минут таза ауада қыдырып, дене шынықтырумен айналасуды қамтамасыз ету
3.Пациентпен денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтану қажеттілігі туралы 1 апта бойы 10 минуттан әңгімелесу
4. Пациенттің үш күнде бір рет дене салмағын өлшеу
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек)