ТАҚЫРЫПТЫҚ Оқу- әдістемелік құрал
Пәні: «Мейіргер ісі негіздері»
Тақырыбы: «Организмнің ас қорыту жүйесінің функцияларын бұзылғандағы мейірбикелік үрдіс. Құсу кезіндегі көмек. Асқазанды шаю.»
Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 4S09130103 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»
Құрастырған: Қуанышбек Н.Ж.
Шымкент, 2023
Тәжірибелік сабақтың сабақ жоспары № 23- 90 мин
Пәні: Мейіргер ісі негіздері
Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 4S09130103 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»
Күні: Тобы:
13.04.2023 МБК-23-24-22
_______________ ________________
_______________ ________________
Сабақтың тақырыбы: «Организмнің асқорыту жүйесінің функцияларын бұзылғандағы мейірбикелік үрдіс. Құсу кезіндегі көмек. Асқазанды шаю».
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
А) оқыту түрі : топтық, ұжымдық, жекелік
Ә) оқыту әдісі: дидактикалық және ойын түрінде оқыту, «Миға шабуыл», интерактивті, карточка, презентация, бейнебаяндар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ас қорыту жүйесінің бұзылуының көрінісін: іштің ауыруы, тенезмалар, асқазан диспепсиясын: қыжыл, дисфагия, кекіру, тәбеттің бұзылуы, жүрек айну, құсу, «кофе қою» тәрізді құсу жағдайларды, бірінші көмегін білү. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктерін , асқазанды шаю іс-әрекеттерді меңгеру.
Пациенттің жағдайын бақылауы бойынша күнделікті жүргізуді білу. Халі нашар пациенттерді тамақтандыру. Науқастың функциональді жағдайын бағалау. Халі нашар науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізу.Пацинттердің толық ақпарат жинақтауды білу: субъективті (анамнез жинау, аллергологиялық анамнез, жалпы биографиялық мәліметтер, еңбек жағдайы, зиянды әдеттері) объектівті тексеруді білу қарау кезіндегі мәліметтер: жалпы жағдайы, иесі, науқастың төсектегі қалпы,терісі, шырышты қабаттары, сана сезімі, жалпы дене бетімі; содан кейін қазіргі, приоритетті, потенциалды қажеттіліктерін анықтауды, мейіргерлік болжамды диагноз және ұзақ , қысқа мерзімді мақсатқа сай тәуелді,тәуелсіз, аралас көмек бойынша жоспарды құрастырып науқастарға сапалы күтім жүргізуді үйрету.
Түсініктерді меңгеру, оқу-машықтану дағдыларын қалыптастыру, алған ақпараттарды нақтылау, студенттің жаңа білімді игеру, қабылдау жолдарын жетілдіру және т.б. алынған білімді практикада қолдана білу;
Достарыңызбен бөлісу: |