Тақырыптың өзектілігі. Індеттану індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым



бет4/11
Дата10.04.2023
өлшемі171,5 Kb.
#81296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.3 Паталогоанатомиялық өзгерістері
Өлексені сойғанда тері асты шелінің сарғайғаны, жүрек пен сірлі қабықтарының шашыранды қанталауы байқалады. Қан тамырларын кескенде қою қара қошқыл қан шығады. Қарында әдетте аздаған ғана желінген жемшөп болады. Сиырдың алдыңғы қарындарында зат алмасуының бұзылуы салдарынан әртүрлі жеуге жарамсыз заттар (сүйек, тас, темір, т.б.) болады. Жалбыршақ қарын құрғап, нығызданады. Аш ішектің кейде тоқ ішектің кілегейлі қабықтарында қатарлы -геморрагиялық қабыну байқалады. Тік ішекте нығыздалған, жалқақтанған нәжіс болады. Бүйрек, бауыр және көкбауырдың ұлпасы әдетте ешбір өзгеріссіз, тек күзен мен құстарда толыққанды болады. Өкпесі домбығып, ауру асқынғанда пневмония мен гангрена байқалады. Ми домбығып, кейде қан тамырларының маңайы талмаурап тұрады.
Балау. Ауруды балау үшін індеттанулық және клиникалық деректерді ескеріп, уланудың себебін анықтайды. Диагноз қою үшін бактериологиялық тексеру жүргізіп, аурудың қоздырушысын бөліп алады және ботулизмнің токсинін анықтайды. Ондай зерттеу үшін зертханаға қарынды 100-200 мл ішіндегісімен, үлпершек ағзалардың бөліктерін және 100 г кем емес күдікті мал азығын жібереді. Материалды консервілемей мұз салынған термоспен, ал азықты жарық өткізбейтін ыдысқа салып, кептіріп алмай жібереді.
Диагноз қойғанда топалаңнан, құтырықтан, стахиоботриотоксикоздан, өсімдіктермен, қорғасын тұздарымен уланудан, бұзаулағаннан кейінгі салданудан, мл мен жұлынның қабынуынан, афосфороздан және В1 авитоминозынан, құста Ньюкасл ауруынан және Марек ауруынан ажырату керек [3,4,5,6,7].


1.4 Емі, дауалау және күресу шаралары
Негізінен симптоматикалық. Қарынды қоскөмірқышқыл содасымен жуып, іш жүргізетін дәрілер береді, жылы клизма қояды. Глюкоза мен кофеин жіберіп, аузын калий перманганатымен жуады. Аурудың бастапқы кезеңінде көктамырға көп мөлшерде ботулизмге қарсы антитоксиндік қан сарысуын жіберу (жылқыга 600-900 мың халықаралық бірлік) жақсы нәтиже береді.
Иммунитет. Ботулизмге қарсы иммунитет антитоксиндік сипатта болады. Белсенді иммундеу тек күзенде ғана қолданылады. Ол үшін формол ашудасты анатоксин вакцина және ассоцияланған ботулизм мен пастереллезге қарсы вакцина пайдаланылады. Иммунитет 2-3 аптадан кейін қалыптасып, 12 айдан астам уақыт сақталады. Антитоксиндік қан сарысуы жібергеннен кейін 6-7 күн аурудан сақтайды.
Дауалау және күресу шаралары. Жемшөпті даярлаған және сақтаған кезде оған топырақтың, ұсақ жануардар мен жәндіктердің өлекселерінің, құс саңғырығының араласуына жол бермеу керек. Малға көгерген, бұзылған жемшөпті беруге болмайды, ал суланған кезде (құрама жем, туралған шөп, кебек) даярланған соң бірден жегізілуі керек. Жануар тектес мал азығы тек қана 2 сағ. қайнатылып берілуі керек. Әсіресе аң фермаларында азықты тандау мен даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Азықтың температурасы 10°С-тан аспауы керек, кешке берілген азық түнімен түгелдей желініп, ертеңге қалмауға тиіс. Жайылымдар мен суаттарда тазалық сақтап, жануарлардың өлексесін уақтылы жинайды. Ботулизм шыға қалғанда ауру жануарларды оқшаулап, емдейді. Өлексені терісін алмастан өртейді [1,3,6,7,8].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет