Тақырыптың өзектілігі. Індеттану індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым



бет10/11
Дата10.04.2023
өлшемі171,5 Kb.
#81296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қорытынды
Қорыта айтқанда, табиғи жагдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен құстар жасына қарамай ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С және Д сероварынан, ал жылқы А, В, С және Д, күзен мен құс болса С сероварынан ауырады. Ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар егеуқұйрықтар токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалық ұсақ жануарлардан ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, теңіз тышқаны және үй қояны сезімтал.
Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасы бағасыз жағдайда, ылғалды, жылу тұрақты 15-20° С-тан жоғары болғанда органикалық заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар және токсин түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады. Уланған азықтың түрі мен иісінде ешбір ерекшелігі болмайды. Токсиннің мал азығында ойдым-ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің ғана ауыруына себеп болады. Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге ботулизм улы тышқан және басқа кемірушілердің өлексесімен немесе құстың саңғырығымен түседі. Ал етқоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тектес азықтан немесе кемірушілердің өлексесін жегенде уланады. Құстар жандіктер мен олардың балапан құрттарымен қоректенгенде ауруға шалдығуы мүмкін.
Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Сонымен қатар ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп, токсин түзуі де мүмкін. Мұны «жарақат болтулизмі» деп атайды.
Ауру көбінесе бірен-саран спорадия түрінде немесе топырақта фосфор жетіспейтін аймақта шағын тұтану ретінде байқалады. Өлім көрсеткіші 70-95 % шамасында.
Азықпен денеге енген токсин аш ішектен қанға сіңіп 20 мин ішінде өкпенің, бауырдың, жүректің ұлпаларына, етке, несепке, тіпті миға жетеді. 60 мин өткенде концентрациясы аталған мүшелерде төмендейді де, бүйрек пен бұлшық еттерде жоғарылайды.
Денеге ауыз арқылы енген ботулизм уының өлтіретін дозасы оны құрсақ қуысына жібергендегі өлтіретін дозасынан 5000-250000 рет төмен. Ауыз арқылы енгізгенде таза токсинге қарағанда оның усыз гемагглютининмен қоспасының уыттылығы жоғары болады. Бұл улы комплекс ас қорыту жолында ыдырамаған күйі қанға өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет