Тақырыптың өзектілігі. Індеттану індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым



бет2/11
Дата10.04.2023
өлшемі171,5 Kb.
#81296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ботулизм

І. Негізгі бөлім
1.1 Ботулизм ауруы
Ботулизм (Botulismus) - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы, жұтқыншақтың, тілдің төменгі жақтың және борша еттердің салдануы арқылы ерекшеленетін ауру.
Тарихи деректер. Кернер 1820-1822 жылдары шұжықтан уланған адамда аурудың белгілерін сипаттап, шұжықта у пайда болатынын, оның минералдық және өсімдік уларынан айырмашылықтары бар екенін анықтады. 1897 ж. Ерменгем қақталған еттен спора түзетін ауасы бағасыз бактерия бөліп алды. Бұл микробты сол еттен уланып өлген адамның көк бауыры мен ішегінен де тауып, оны Васillus botulinus (лат. botulinus – шұжық) деп атады. Жануарлардың ботулизмі туралы деректер 20 ғ. басында алынды.
Қоздырушысы – Сlostridium botulinum – грам оң токсин және спора түзетін, қозғалмалы анаэроб, тұрқы таяқша тәріздес (4-9 х 0,5-1,2 мкм). Өзіне қолайсыз жағдайда, қоректік заттар аз болғанда рН 6-дан жоғары, жағымсыз температура жағдайында, қоректік ортада, суда, топырақта, басқа да ортада, бір жақ ұшына қарай орналасқан ірі, сопақша келген спора түзеді. Спорасы бар таяқша тенис ракеткасына ұқсас келеді.
Бұл микробтың денесінде О- және қылшасында Н-антигендері болады. О-антиген бұл микробтың түріне ортақ, ал Н-антигені және бөліп шығаратын токсиндеріне қарай қоздырушы 7 сероварға бөлінеді: А, В, С (С1, С2), Д, Е, Ғ және О. Антигендік ерекшеліктері әсіресе А, В және Е типтері түзетін токсиндерде күшті байқалады, ал С және Д типтерінде біраз бәсендеу келеді, Е және Ғ токсиндері токсинге қарсы типтік қан сарысуымен бір-бірімен айқын реакция береді. Токсиндердің мұндай ерекшеліктерінің серотерапия және вакцинапрофилактика үшін маңызы бар. Адам үшін А, В және Е сероварлары аса уытты. Жылқының ботулизмі В, сирегірек А және С типтері арқылы, ал сиыр, қой мен ешкіде - С және Д, күзенде - С, құста С, А және В типтері арқылы болады.
Ботулизм клостридиясының көбеюі және токсин бөлуі үшін ең қолайлы жағдай 18 ден 38° С дейінгі жылылық, бейтарап немесе сәл сілтілік реакция (рН 7,0-7,6). Жемшөпте рН 3-4 жағдайында, 5-10 % ас тұзы, нитриттер, бос май қышқылдары және антибиотиктер болған жағдайда микроб өсіп өнбейді.
Төзімділігі. Ботулизм клостридиясының споралары жоғары температураға өте төзімді. 100° С кезінде тек 5 сағ. өткенде, 105° С - 2 сағ. кейін, 120° С - 10 мин өледі. Ультракүлгін және гамма сәулелері қабаттаса әсер еткенде зарарсыздандыру нәтижесі жақсы болады. Химиялық заттар споранын өнуін тоқтатады.
Ботулизм токсині сұйық ортада қайнатқан кезде 15-20 мин, ал тығыз ортада (ет, балық, жем) 2 саг. өткенде күшін жояды, сонымен бірге ауаның, азоттың, көмір қышқыл газының әсерінен, сілтілігі аса жоғары ортада (рН 8,5-тен артық) иондағыш сәуле мен тура түскен күн сәулесінің әсерінен белсенділігін жояды. Протеолиздік ас қорыту ферменттері токсинді ыдырата алмайды. Астық дәнінде 3 айдан артық сақталады [1,3]. Індеттік ерекшеліктері. Ботулизмнің қоздырушысы табиғатта кең тараған. Оны топырақта, суда, көңде, өлекседе, өсімдіктерде, жеміс-жидекте, жануарлар мен құстардың ішек-қарнында, әртүрлі жәндіктер мен олардың балапан құрттарында кездестіруге болады. Әртүрлі сероварларының географиялық таралымы әртүрлі.
Табиғи жагдайда ботулизммен әртүрлі жануарлар мен құстар жасына қарамай ауырады. Сиыр мен ешкі негізінен С және Д сероварынан, ал жылқы А, В, С және Д, күзен мен құс болса С сероварынан ауырады. Ет қоректілер мен талғаусыз қоректілер (ит, мысық, шошқа), сонымен қатар егеуқұйрықтар токсиннің барлық типтеріне төзімді келеді. Зертханалық ұсақ жануарлардан ботулизмнің токсиніне ақ тышқан, теңіз тышқаны және үй қояны сезімтал.
Жаппай улану әдетте жылдың жылы уақытында болады. Ауасы бағасыз жағдайда, ылғалды, жылу тұрақты 15-20° С-тан жоғары болғанда органикалық заттар мол ортада клостридиялар жедел өсіп-өніп, споралар және токсин түзеді. Мал азығында токсин жекелеген телімдерде болады. Уланған азықтың түрі мен иісінде ешбір ерекшелігі болмайды. Токсиннің мал азығында ойдым-ойдым кездесуі жануарлардың кейбіреуінің ғана ауыруына себеп болады.
Ауылшаруашылық малдары негізінен сүрлем арқылы уланады. Сүрлемге ботулизм улы тышқан және басқа кемірушілердің өлексесімен немесе құстың саңғырығымен түседі. Ал етқоректілер мен талғаусыз қоректілер жануар тектес азықтан немесе кемірушілердің өлексесін жегенде уланады. Құстар жандіктер мен олардың балапан құрттарымен қоректенгенде ауруға шалдығуы мүмкін.
Ботулизм уы денеге әдетте ас қорыту жолдары арқылы жайылады. Сонымен қатар ерекше жағдайда микроб споралары жарақаттанған ұлпаларда өніп, токсин түзуі де мүмкін. Мұны «жарақат болтулизмі» деп атайды.
Ауру көбінесе бірен-саран спорадия түрінде немесе топырақта фосфор жетіспейтін аймақта шағын тұтану ретінде байқалады. Өлім көрсеткіші 70-95 % шамасында [1,2,3].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет