ІІІ. Техникалық қауіпсіздік Фермаларда ветеринариялық - санитарлык мәдениеттің жоғары болуына, санитарлық тазалық болуына, санитарлық тазалық бөлімінің құрылуы, жеке бастың гигиенасы мен арнайы киімдер мен залалсыздандырғыш ерітінділерімен қамтамасыз етілуі қажет.
Фермаға, барлық мал қора- жайларына, алаңдарға, сауын орындарына, су ішетін және мал бағатын жерлер, сол сияқты ферманың барлық қондырғылары мен мүліктеріне үнемі зарарсыздандыру шараларын жүргізу қажет. Зарарсыздандыру мақсатында 4% - дык формальдегидтің ыстық 70°С сілтілі немесе 1% - дық этафор ерітінділері қолданылса өте жоғары нәтиже береді.
Жұқпалы аурумен ауырған малдарды оқшаулау, індеттің таралмауына қарсы қолданылатын шаралардың басты элементі болып саналады. Осы мақсатта ветеринариялық емдеу мекемелерінде, шаруашылықтарда жүқпалы ауруларға күдікті және инвазиялық ауруларға шалдыққан малдар үшін арнайы инвазиялық бөлімдер, оқшауханалар ұйымдастырылуы қажет. Инвазиялық бөлім ветеринариялық емдеу мекемелерінде арнайы үйымдастырылуы қажет. Оған кіріп-шығатын арнайы жеке есіктер бөлек болады. Есіктерде арнайы дезинфекциялық төсеніштер орнатылады. Бөлім жеке қол жуғышпен, сабынмен, дезинфекциялық ерітіндімен, құралдарды стерильдеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Ауру малды қабылдағаннан кейін қолданылған құрал-жабдықтар 15 минут қайнатылады. Егер мал изоляторға жіберілетін болса, байлауға қолданылған құрал-саймандар дезинфекцияланады. Оқшауханаға кіргізер алдында, малдың түяғы жуылып, тазаланады. Ауруға қойылған диагноз бойынша қайшылықтар болмаса, мал сабынмен жуылып, дезинфекцияланады.
Ауру малды қабылдаған ветеринар маманы қолын жуып, алшапқышты, қолғапты т.б. жабдықтарды үнемі ауыстырып отыруы тиіс, мүмкіншілік болмаған жағдайда дезинфекциялап отырылуы керек. Оқшаухана - жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге арналған орын. Ветеринариялық заңдылықтарға сәйкес оны малдәрігерлік емдеу мекемелерінде, шаруашылықтарда ұйымдастырады.
Оқшауханада ауру малды емдейтін және құрал-сайманды, азықты қоятын арнайы орындар болуы тиіс. Ондағы мал серуенге шығарылмайды. Оқшауханада жүкті әйелдер, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер жүмыс істеуіне тиым салынады. Ауру малмен жұмыс істейтін санитарлар жұқпалы аурулармен ауырған малдармен жүмыс істеу ережелері жайында вет-санитарлық минимумдарымен танысулары керек.
Оқшаухана мен ветеринариялық клиникалардың инфекциялық бөлімдерінде су және малдың сұйық қиы міндетті түрде арнайы бөгеттерде зарарасыздандырылып (хлормен, сөндірілген әкпен немесе басқа да дезинфектанттармен), тек сонан кейін ғана жалпы құбырға жіберілуі шарт.
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс. Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру.
Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-ауасының зиянды газдармен, шаң тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Малшылардың еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Мұндай шаруашылықта кейбір қолайсыз факторлар сақталады, Мысалы: ұзақ уақыт бойы қоражайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы жұмысшылар денсаулығына зиянды әсер етеді. Сондықтан да мал қора-жайларында оптимальды микроклиматты сақтау қызмет көресутішілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады.
Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитарлық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім – бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше , камбинезон, алжапқыш, қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады. Химиялық дезинфектанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік, қолғап беріледі.
Санитарлық киім ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитарлық киімге ақ, тегіс мақта-матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады. Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропогонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қауіпті ауруларға топалаң, маңқа, туберкулез, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. аурулар жатады.
Малмен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киуге, мал қора –жайларында тамақ жеуге және ауру малдан алынған шикі сүтті ішуге болмайды.
Қызмет көрсетушілер ауру малды күту барысында міндетті түрде киім киу керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар құрамында 100-150 мг\л белсенді хлоры бар ерітіндімен зарарсыздандырады. Зарарданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, камбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ерітіндіге немесе 2 пайыз сода ерітіндісіне салып қояды, соңынан 30 минут қайнатып, сабынмен жуады.
Қызмет көрсетушілер толық медициналық тексеруден өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 рет профилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі.