Тақырыптың өзектілігі. Індеттану індет процесін, жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын зерттейтін, сол арқылы жұқпалы аурулармен күресу әдістерін қарастыратын ғылым



бет8/11
Дата10.04.2023
өлшемі171,5 Kb.
#81296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ботулизм

ІІ. Өзіндік зерттеу
Курстық жұмысты орындауда өзіндік зерттеуде ботулизм ауруының сауықтыру шараларын зерттедім.
Ботулизмнің жасырын кезеңі 18 сағаттан 16 тәулікке дейін. Денеге енген токсиннің мөлшері неғүрлым көп болса, соғүрлым жасырын кезең де қысқа, аурудың өтуі де шапшаң болады. Ботулизм өте жіті, жітіден томен және созылмалы өтеді. Аурудың тұтануы әдетте 8-12 күнге созылады да, алғашқы 3-4 күнде ауруға шалдығу жоғары болады. Көбінесе дененің ыстығы көтерілмейді. Жіті өткенде ауру 1-4 күнге, жітіден төмен түрі 7 күнге, ал созылмалы болғанда 3-4 аптаға ұласады.
Жылқы мен сиырда ботулизм аса жіті өткенде, негізінен аурудың ешбір белгісі білініп үлгермей, мал кенеттен өліп кетеді. Кей жағдайда есеңгіреген жануар басын көкірегіне бұрып, жатып қалады да, жантәсілім бермей-ақ өліп қалады. Сауығу өте сирек кездеседі.
Ауру жіті өткенде жануар мазасызданып, рефлекс сезімі төмендейді. Жүргенде тәлтіректеп, аяғын талтая басып, әзер қозғалады. Бара-бара тұра алмай, жатып қалады, күштегенде әзер түрегеледі. Көздің, танаудың, ауыздың кілегейлі қабықтарында гиперемия байқалады, болмаса көкшіл немесе сарғыш тартып тұрады. Танауы делдиіп, демін жиі және таяз алады. Ауру меңдеген кезде тамыр соғысы минутына 80-100-ге жетеді. Жүрегі әлсіз соғып, аритмия байқалады. Ішектің жиырылуы бәсеңдеп, бара-бара атонияға ұласып, іші қатады. Нәжісі жалқақтанып, аз бөлінеді. Несептің мөлшері азаяды да, онда индикан, белок және глюкоза байқалады. Қанда эритроциттердің саны сәл көбейіп, шөгу жылдамдығы төмендейді. Ауыздан сілекей ағып, астыңғы жақ салданып, тіл салақтайды. Жануардың жемшөпке тәбеті сақталып, шөліркейді. Ернімен жемшөпті аузына алғанымен, жұтқыншақтың салдануынан жұта алмай, қайта шығарып тастайды, не болмаса аузын толтырып тұрады. Ажал тақаған шақта астыңғы жағы салбырап, шайнаудан мүлдем қалады. Өлім көрсеткіші 90-95%. Тек қана жеңіл ауырған жануарлар ғана жазылады. Ауру жітіден төмен өткенде жануар орнынан тұрып, қозғалғанымен жүргенде тез шаршап, сүріне береді де, қайтадан жатады. Онда да шайнауы мен жұтынуы қиындап, іші қатады, жүрек қызметі нашарлайды. Жұтынғанда аспирация болып, пневмония немесе өкпе гангренасына ұшырауы мүмкін.
Созылмалы өткенде малдың орнынан тұруы, жүруі қиындап, ұзақ жатқаннан денесінің әрбір жері ойылады. Сезімі, тәбеті, күйіс қайтаруы сақталады. Жануар тез арықтайды. Сауығуы аурудың басқа түріне қарағанда жиірек байқалады.
Қой ботулизм кезінде тәлтіректеп жүреді. Артқы аяктарын бауырына қарай тартып ұстайды. Мойынын созып, басын кегжитеді. Мойны салданған кезде бір жағына қарай иіледі. Ауру жіті өткенде аузынан тілі салақтап, сілекей ағады. Созылмалы түрде ауырып жазылған мал ұзақ уақыт дел-сал күйде болады.
Ешкінің жүріп-тұруы бұзылады да, шайнауға және жұтынуға қатысты бұлшық еттердің салдануы үнемі байқалмайды.
Шошқа сирек ауырады. Дыбысы шықпай, сілекейі шұбырып, денесінің қозғалысын дұрыс меңгере алмайды. Көруі нашарлап, жұтқыншағы мен жақтарының бұлшық еттері салданады. Бірнеше сағаттың ішінде, болмаса 2-3 тәулікте өледі.
Құстар (тауық, қаз, үйрек) аяқтарын баса алмай, қанаттарын салбыратып немесе ебдейсіз бір қанатын ғана қағады. Мойны бүгіліп, басын иығына қарай бұрады. Сәл ашылған тұмсығынан шығып тұрған тілін жинап ала алмайды. Ауру шегіне жеткен кезінде құс бауырлап, немесе бір жағына қисайып, жатып қалады. Мойнын созып, басын жерге салады. Судағы құс жүзгенде табиғи қалпын сақтай алмай, мойны мен басын дұрыс көтеріп ұстамайды. Паралич болған кезде сезімі сақталады. Көздің қарашығы ұлғайып, ашылып-жұмылатын жарғағы орнына бармайды. Ауырған иттің аяқтары салданып, көзі қимылдамай, дел-сал күйде болады. Ішектің қызметі бұзылып, жұтқыншағы жансызданады. Ақыры асфиксиядан тыныс ала алмай өледі. Ауруға пневмония қабаттасуы мүмкін.
Күзенде токсин бойға енген соң аурудың белгілері 0,5-4 күн шамасында білінеді. Сирақ еттері салданып, көздің қарашығы ұлғаяды. Аузынан сілекей ағып, еркінен тыс несеп бөлінеді. Басы бір жағына қисайып, көз қарасы бір жерден аумайды. Ызаланған аң тістеп алуы мүмкін. Тыныстың тоқтауынан өледі. Өлім көрсеткіші 70-80 %.
Паталогоанатомиялық өзгерістері. Өлексені сойғанда тері асты шелінің сарғайғаны, жүрек пен сірлі қабықтарының шашыранды қанталауы байқалады. Қан тамырларын кескенде қою қара қошқыл қан шығады. Қарында әдетте аздаған ғана желінген жемшөп болады. Сиырдың алдыңғы қарындарында зат алмасуының бұзылуы салдарынан әртүрлі жеуге жарамсыз заттар (сүйек, тас, темір, т.б.) болады.
Патанатомиялық сою (секция, аутопсия) курсында студенттер мал өлексесін сойып зерттеу тәсілдерін игереді, тиісті құжаттар жазу және оларды толтыру тәртібін үйренеді, мүшелер мен тканьдердегі өзгерістерді патанатомиялық диагноз түрінде тұжырымдауға, т.б. деректер негізінде малдың қандай аурудан өлгені туралы қорытынды шығаруға дағдыланады.
Өлікті жарып союға дейін мүмкіндігінше, аурудың себептерін ашу үшін барлық жағдайларды анықтап сұрастыру, малдың клиникалық зерттелуінің мәліметтерімен, бірге берілетін документтермен танысу қажет. Өлікті жарып сойған кезде белгілі бір методика негізге алынуы тиіс. Арқасына немесе бүйіріне жатқызып жарып союға болады. Ірі малдың өлігін бүйіріне аударып, ұсақ малдыкін- Шордың тәсілімен арқасына аударып жарып сойған қолайлы. Жарып соймастан бұрын малдың түлігін, жынысын, түсін, тұқымын, жасын, қоңдылығын анықтайды. Сыртқы жыныс органдарын қарайды. Жалпы сыртын қарап өткеннен кейін терісін сыпыруға кіріседі, оның ішкі бетін, тері асты клеткасын, бұлшық еттерін, сүйегін, буындарын, тарамыстарын қарайды. Одан кейін жарып союға кіріседі. Ұсақ мал өлігін жарып сою. Жарып сойған кезде өлікті сол жақ бүйіріне аударады. Ең әуелі оң аяқтары мен сыртқы жыныс органдарын бөліп алады. Одан кейін құрсақ қабырғасына 2 кесінді жасайды: олардың біреуі ұзына бойына ақ сызықпен өтетін төс шеміршегінен шат бітігіне дейін, екіншісі – біріншіге тік бағытта, көкірек қуысының қабырға шетімен өтеді, және құрсақ қабырғасының бүкіл қалдығын алып тастайды. Құрсақ қуысын (органдардың орналасуы, жыны, құрсақ көк етінің күйі) қарайды. Бұдан кейін көкірек қуысын жарады. Осы мақсатпен омыртқаның қасындағы жұмсақ тканьдерді алып, омыртқа сабағынан шамамен 15 см қашықтықта барлық қабырғаларды шауып (арамен кесіп) тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет