деп айрықша ықыласпен суреттеген құтмекен — Іленің көркем табиғатын кестелеген «Іле сипаты»
атты ең тамаша лирикалық толғауы деуге болады. Ақын өлеңдерін бір тау тізбегі десек, оның көк
тіреген шыңы осы өлеңі деуге болады.
Таңжарық ақынның табиғат лирикасы
Серия «Филология». № 2(78)/2015
109
Ілияс суреттеп отырған Жетісу да, Таңжарық жырлап отырған Іле де шекаралас екі мемлекетке
бөлініп қалғаны болмаса, бір аймақ, бір өлке екені белгілі. Таңжарық өлеңмен суретін салған Іле де
— жер жанаты аталған Жетісудің бір бөлігі. Бір-біріне жалғасып жатқандықтан, жер бедері де,
табиғат көрінісі де бірдей болуы себепті екі ақынның суреттеуінде де ұқсастық, сабақтастық болуы
заңды. Бұл жағынан Ілиястың табиғат лирикасымен үндестігі бар екеніне жарқын мысалдар көп.
Алайда екі өлеңдегі ұқсастықты, үндестікті кейінгісі алдыңғысын қайталау емес, керісінше, бір
өлкені, ондағы табиғат көрінісін суреттеудегі жалғастық, бір-бірін толықтыру деп түсінуіміз керек.
Қанша ұқсастық бар дегеннің өзінде сөз қолданыс, ұйқас түрі, бейнелеу тілі, суреттеу тəсілі жағынан
Таңжарық өзіндік қолтаңбасын таныта білген. Оның өлеңдерінде табиғаттың көркем көрінісі
соншалықты дəл, жарасымды, сəйкес бояулармен кестеленеді. Өздерінің туып-өскен балалық,
жігіттік, азаматтық шақтарын өткізген, зары мен мұңы, күйініші мен сүйініші, қуаныштарының куəсі
болған туған жер табиғаты екі ақынды да тебірентпей, жүректерін тербемей қоймаған.
Ілияс Жансүгіров «Жетісу суреттерінде»:
Ыстық көл — жер айнасы мөлтілдейді,
Балқашты қамыс қамап желкілдейді.
Аттанған алты өзені Жетісудың
Балқашқа бауырымдап еңкілдейді, —
деп немесе
Қарқара қалың қазақ көбесіндей,
Албанның албырт-ерке енесіндей.
Қарағай қапталдағы, жыныс арша,
Қыдырлы малдың құтты келесіндей.
Текестің көкке өрлеген тік қиясы
Сымпиып сол маңайдың төресіндей.
Мың жылқы мышырая жантайысқан
Өзгесі жүгініскен төрешідей.
Былшықай, Бесжырғалаң, Түптің түрі
Қатықтың жаланбаған тегешіндей.
Қарқара жарасымды жасыл жайлау
Үй — күлше, құрттың жайған өресіндей, —
деп Жетісу аймағына кіретін географиялық мекен, өзен мен көл, тау мен жота, шың мен қия, жайлау
көрінісі, сыр-сипаты, өзіне тəн ерекшелігі нақтылана суреттелсе, Таңжарық «Іле сипатында»:
Шетен тұр қатарында былқ-сылқ етіп,
Байлардың жаңа өспірім мырзасындай.
Күбірлеп жапырақтар қылады өсек,
Бұлардың жайын білген сырласындай.
Немесе
Тұнжырап түсі суық ұшпа тастар,
Шапаны — арша болып, жалбыр астар...
Итмұрын итиіп тұр сөз аша алмай,
Өмірі қапалықтан көз аша алмай, —
деген тəрізді орман ағаштарын, тау-тасты, өсімдік əлемін адам келбетіне келтіре, жан бітіре
бейнелейді. Ілияс та, Таңжарық та өздерінің кіндік қандары тамған өлкенің тау-даласын, өзен-көлін,
орман-тоғайын, тас қиясы мен майсалы жазығын, жер бедерін, жабайы аң мен жан-жануар əлемін
ерекше сезіммен жырлайды. Ондағы өсімдік дүниесін, қарағай мен қайыңның, тобылғы мен
тораңғының, шетен мен шеңгелдің, арша мен ырғайдың, итмұрын мен қарақаттың, рауғаш пен
таңқурайдың, бүлдірген мен жауқазынның табиғат аясында өскен халықтың өкілі ғана жіті аңғара
алатын қасиеттерін аша, сұлулыққа толы табиғат ананың мейірбан кейпін, көркем көрінісін шебер
суреткерлікпен жасай білген.
Біз ақынның табиғат лирикалары мен ауыл өмірін суреттеген өлеңдерін оқығанымызда, одан Іле
сынды гүл жамылған сұлу өлкенің жанды да əсем табиғатын көрсек, сол табиғатқа етене араласып,
біте қайнасқан қазақ халқының өз тұсындағы тамаша тұрмыс өрнегін көре аламыз. Қысқасы,
Таңжарық шығармалары — қазақ халқының сол бір дəуірінің жанды картинасы əрі Іле табиғатының
айнасы. «Əдебиетіміз тарихында бұрын-соңды Қытай қазақтарының бір дəуірлік кешулерін, тұрмыс-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
С.Ысқақұлы
110
Вестник Карагандинского университета
тіршілігін, сахара табиғатын, салт-санасын, мəдениетін, этнографиясын — бəрін-бəрін Таңжарықтай
шыншылдықпен, терең толғаныспен, қайталанбас даралықпен жырлаған ақын болған емес» [3], —
деген пікір орынды сияқты …
Достарыңызбен бөлісу: