Тоқ сенде, семіз сенде, арық сенде,
Күйзеліп, күйбең қағып күн өткізген,
Дүниеде күйсіз жүйрік анық сенде...
Осы жеткен ісіне бойы жетпей,
Айрылған асығынан зарлы сенде.
Бұнда да бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы қолданылу арқылы, ауысып келген
заттың уəкілдік сипаты, образды ерекшелігі дараланып, тілі көркемдетілген. Мазмұн нақышталып,
сезімдік бояуы қоюлана түскен.
Ілені көрмеген оқырман ерен суреткерлікпен жазылған «Іле сипатын» оқығанда, гүлге оранған
Іленің көркем табиғатына таңданбай, тамсанбай, тəнті болмай тұра алмайды, бейне Іле аңғарына
барып қайтқандай сезімге кенеледі. Демек, бұл өлеңді Іленің поэтика тілімен салынған географиялық
картасы десек те болғандай. Поэзия тілімен осындай жанды да жалынды сурет салу тек Таңжарықтың
қаламына тəн. Ендеше, өлең шумақтарына зер салып көрейік.
Іленің тауы биік, ені жалпақ,
Жамылған жасыл көрпе, баста ақ қалпақ.
Жіберіп екі бұтын екі жаққа,
Көсіліп жатыр жайға, кеуде шалқақ.
Мұнда ақын екі жағы екі үлкен тау тізбелерімен қоршалған Іленің табиғи көрінісін суреттеп,
етегі көкорай шалғын, қалың орманмен көмкеріліп тұрған, басын мəңгі қарлар мен мұз қаптаған
Тəңіртауының айшықты образын жасайды. Жансыз табиғатқа адамға лайық қимыл-қозғалыс бере
психологиялық кейіптеу тəсілін қолданады. Бірде жасыл көрпе жамылып, ақ қалпақ киіп, аяғын еркін
көсіліп, кең кеудесін шалқақ ашып жатқан қазақ жігітіне баласа, енді бірде:
Жамылған түлкі ішігін бəйбішедей,
Шынтақтап жатыр көлбеп, төсін ашып.
Қалқайған қасындағы қара шоқы,
Отырған баласындай етін қасып, —
деп түлкі ішігін жамылып, шынтақтап жатқан немесе немерелерін айналасына жиып алып, арқасын
қасытып, соны рахат көріп, үрім-бұтағын мақтаныш сезініп, шүкірлік етіп, ауылға ұйытқы болып
отырған мейірімді анаға теңейді. Бұл суреттеуден ақынның туған жерге деген терең сүйіспеншілігі,
сағынышы мен ыстық ықыласты лебі аңқып тұр. Келесі жолдарда кескіндеу, қимыл-əрекет, сезім
қуаты басым:
Жартаста жалбыраған жапырақтар,
Жалаудай жалпылдайды қойған асып.
Сылық етіп, сүзе қарап, күлімсіреп,
«Қылық-қылық» деп суы жатыр жылжып басып.
Шым батып, шымыр қағып, шыр айналып,
Көбігін езуінен шетке шашып...
Міне, бұл — сөзбен салған сурет. Бүк басқан ну орманды жартастарда жалаудай жалпылдап
тұрған жапырақтар, тау баурайында сынаптай сырғып жатқан мөлдір бұлақтар, ондағы топ-тобымен
серуендеп асыр салып жүрген балықтар қатарлы үлкенді-кішілі детальдер осы ортаға тəн тамаша
жарасымдылық пен үйлесім ақынның жүйрік қаламынан қағыс қалмаған. Əрі əдемі келісім тауып
бейнеленген. Мұндай жасыл пүліш, жұпар гүлдерге бөленген айнакөл, асау өзенді мекенге адам ғана
емес, алуан түрлі жануарлар да таңдап келіп тұрақтап, өсіп-өркендеп, өз алдына бір көрік
қосатындығы табиғи. Ақын енді бір кезекте құстар дүниесін суреттеп:
Мамырлап жағасында аққу мен қаз,
Жақтырмай жақындасаң қыңқылдасып.
Балпаңдап үйрек пенен сары ала қаз,
Ұрысқан кемпір-шалдай мыңқылдасып.
Таранып қанаттарын қарабайлар,
Күрсініп, науқас шалдай ыңқылдасып.
Əскердей мəрш ойнаған сап-сап болып,
Көкқұтан, тырна көлде сыңқылдасып... —
дейді.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Таңжарық ақынның табиғат лирикасы
Серия «Филология». № 2(78)/2015
111
Бұдан көрікті табиғатқа адам емес, жан-жануардың да бауыр басып, өзгеге қимастай терең
махаббат орнататындығын байқаймыз. Іле өзені жəне оның тармақтары бойында тек аққу мен қаз
ғана емес, үйрек, сары ала қаз, қарабай, көкқұтан, тырна… қатарлы көп түрлі құстар əр алуан
дыбыспен бірі шал-кемпірше сөйлескендей, бірі науқас адамдай ыңқылдап, неше қилы əуендермен
өз алдына бір дүние болып үндестік тауып көрсетіледі. Бұндай табиғи сұлулық төрт тұрманы сай Іле
сияқты мекендерде болады. Кез келген жерде бола бермейді. Ақын осыны мақтанышпен жыр етеді.
Өлеңнің ендігі бір бөлігінде Іле өзені мен оны құрап, оған құйып жатқан тарауларын:
Іленің басы Күнес жылжып аққан,
Сарқырап құйған бұлақ əр тараптан.
Қасында Шақпы деген бір тарауы,
Ағыны артығырақ шапқан аттан.
Қас деген сол жағында бір сіңлісі,
Баладай асау мінген жалбаң қаққан.
Жырғалаң, Көксу, Текес оң жағында,
Текіртіп мас адамдай атқа шапқан.
Қосылып бəрі келіп бір Ілеге,
Аптығын сонда басып, тыным тапқан, —
деп Іленің сабырлы ағатын негізгі тұлғасы — аптығып шапқылайтын бұлақтар мен өзеншелерден
құралатындығын бір қырыннан əдемі етіп, жанды бейнеде суреттейді [4].
«Іле сипаты» — бастан-аяқ төгіліп тұрған сөз маржаны. Ізгілік пен сұлулыққа бөленген, көркем
теңеулердің алқасы.
Өлкесі бəйбішенің денесіндей,
Мұхиттың кеудесі бар кемесіндей.
Барлығын бауырына алып, тұр тербетіп,
Өсірген өз қолымен енесіндей.
Екі тау — екі жақта білегіндей,
Аспанның ағаштары тіреуіндей...
Мұндағы тізбектелген теңеулер ақынның буырқанған сезімінен, толқын атқан қиял қанатынан,
көрікті ойдың елегінен, дария көңілінен, толғауы тоқсан қызыл тілінен сорғалаған. Толғауда тұтас Іле
өңірі адам денесіне ұқсатылады. Одан соң соған жалғас ілгерілей түсіп, Іле алқабындағы тау мен
дала, жоталар сол адамның дене мүшелеріне келісімді теңеліп, біртұтас тұлғалы бейне
қалыптастырады. Бұл тек теңеулік тəсілдермен бейнеленген көркем көрініс қана емес, кейіптеу,
эпитет, əсірелеу ұлғайту, кішірейту формасына келтірілген неше түрлі көріктеудің тоғысуынан туған
алып адам тұлғасы екені айшықты образымен айқын білініп тұр.
Бестөбе, Бестамақтар — бүйрек, бауыр,
Қатесіз Аралтөбе — жүрегіндей.
Көк көрпе жатыр бойға өлшенілмей,
Есептің бұлақтары бөлшегіндей,
Көрінген көк жазықтан көк төбелер —
Бұлтиған жас қыздардың емшегіндей... —
деп теңеу дəнекерлігінде тауды білегіндей, Аралтөбені жүрегіндей, бұлақтарды есептің бөлшегіндей,
жоталарды жас қыздың емшегіндей деп мейлінше кішірейтіп əсірелеп тұр.
Демек, «Іле сипатында» Іленің бүкіл жер түзілісін, табиғатын, байлық қайнарын жағрафиялық
картаға ұқсас көз алдыңа жайып салады. Көрініс пен көңіл-күй нақты қабысқан, кейіптеу мен теңеу
орынды қолданылған, психологиялық мінез бен қимыл-əрекет əдемі астасқан табиғат лирикасын
тудырған. Таңжарық – нені суреттесе де, жеріне жеткізіп, жан дүниеңе күшті ықпал етерліктей,
айрықша талғампаздықпен, табиғи əрі образды етіп бейнелейтін суреткер ақын.
Əдебиеттер тізімі
1 Егеубаев О. Қытайдағы қазақ əдебиетінің жарық жұлдызы: Халықарал. ғыл.-теор. конф. материалдары. — Алматы,
2003. — 4-б.
2 Нұрғали Р. Арқау. — 2-т. — Алматы: Жазушы, 1991. — 481–482-б.
3 Ахметов О. Сөнбес алау // Сөнбес алау. — Күйтің: Іле халық баспасы, 1994. — 135-б.
4 Тұтқабекұлы Ж. Іле сипатына талдау // Іле педагогикалық институты ғылыми журналы. — 1988. — № 1. — 27-б.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
С.Ысқақұлы
112
Вестник Карагандинского университета
С.Искакулы
Достарыңызбен бөлісу: |