Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» —
халық даналығының айғағы
ХV ғасырдың көрнекті энциклопедист-ғалымы, балгері, барлық дерттің емшісі Өтейбойдақ
Тілеуқабылұлының өмірі мен қызметі суреттелген. Оның барлық кеселдер мен ауруларды емдеудің
арнайы халықтық тəсілдері баяндалған. «Шипагерлік баян» атты негізгі ғылыми еңбегі талданған.
Ғалымның бұл трактатты жазғанда өз заманының медицина, астрономия, философия, тарих,
психология, этнография, лингвистика ғылымдарының жəне тағы да басқа ғылымдардың озық
жетістіктерін пайдаланғандығы туралы қорытынды жасалған.
Кілт сөздер: шипагер, мұра, зерттеу, өнеге-өсиеттер, уақыт, мүшел жас, шипагерлік ғылым, көшірілу.
Кіріспе
ХV ғасырда жазылып, араға бес ғасыр салып, сағындырып жеткен, ХХ ғасырдың аяғында
қолымызға тиген, бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған ұлттық мəдениетіміздегі елеулі құбылыс,
асыл кітап, қасиетті қазына, халық даналығының айғағы — Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының
«Шипагерлік баяны».
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ