Комплексті, жүйелі және жекебасты болуы керек. Витаминдер, минералды заттар, әсіресе құрамында кальциі бар тағамдар беру, таза ауада жеткілікті серуендеу, массаж бен гимнастиканың емдік маңызы зор. Ультракүлгін сәулесін қолдану мешелді емдеудің әсерлі тәсіліне жатады.Мешелде цитраттарды берудің мәні бар.Сауығу кезеңінде немесе мешелдің қалдықтары қалғанда тұзы, қылқан жапырақты, құмды ванналар, УФ сәулесі, бұлшық ет және сүйек диатермиясы, массаж бен гимнастика, теңізбен күн сәулесі ванналар пайдалы.Кальций және фосфор препараттарын мешелдің арнаулы ем ретінде, тек тым шала туған сәбилерге береді.
Мешелдің алдын алуы:
Антенаталдық алдын- алу-нәресте тумастан бұрынғы алдын- алу шаралары:
а/Жалпы, арнайы емес алдын-алу- жүкті әйелдің режим сақтап сүт, жеміс- жидек тағамдар қабылдап, маңызда және жеткілікті тамақтану, таза ауада көп уақыт болуымен ұштасады.
Арнайы алдын- алу. Жүктіліктің 28-30аптасынан бастап 6-8 апта бойына күн сайын 400-500 ХБ-тен Д витаминін береді.Жүктіліктің соңғы 3-4 айында гендевит поливитаминін күніне 1-2 дражеден беруге болады.Жасы 35-тен асқан, сонымен бірге жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары бар жүкті әйелге Д витаминімен мешел профилактикасын жүргігуге болмайды.
1. Мешелден постнаталдық сақтандыру-туылғаннани кейінгі мешел ауруымен күрес:
а/ Әдейіленбеген алдын-алу- міндетті түрде табиғат факторларын барынша мол және дұрыс пайдаланған жөн:күн, ауа және су, сондай – ақ уқалау мен гимнастика.Мешелдің алдын-алуда табиғи тамақтандыру, қосымша тамақтарды уақтылы енгізу, сонымен бірге баланы дұрыс күте білу және режим сақтау маңызды орын алады.
б/ Арнайы алдын-алу- Д витаминінің майлы ерітіндісін 1 айдан бастап қыс- күз айларында аптасына 2 рет (тәулігіне 500 ХБ) 1 жасқа толғанша беру.