Таланттар



Pdf көрінісі
бет155/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   256
 
«Қыз әдебі» 
ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА                    
(9 жылдық) 
Сезім құпиясы. Жақсы көру. Ұнатып қалғанның бәрі махаббат 
па?  Сезімге  жарнама  жүрмейді.  Мектептегі  жігіт.  Махаббат 
уақыт талғайды. Адам өміріндегі әр уақыттың  өз мақсаты бар.  
Ол және Мен. Жар таңдау  – жауапты жұмыс. Менің жарым 
қандай болсын? Таңдаудың тоғыз шарты.  
Ақылдасу.  Үлкендермен  ақылдасқан  дұрыс  па?  Кіммен 
ақылдаса аламын? Анам. Жеңгем. Құрбым. Ұстазым. Қайсысы? 
Мария  ма,  Қыз  Жібек  пе?  Тағы  кім?  Қазіргі  қазақ  қызының 
образы қандай? 
Сезімді  сыпайы  жеткізудің  жолдары: хат мәдениеті, сұхбат 
мәдениеті т.б. Маған хат келді.  Ұнатпасам, не істеймін?  
Хаттар,  хаттар.  Қыз  хаты.  Қамар  сұлудың  Әбдірахманға, 
Татьянаның  Онегинге хаттары.  


286 
 
Қыздың  күші  –  нәзіктігінде.  «Ер-азамат  атаулының  жек 
көретіні – еркек сияқты қыздар». 
Адам  мінезіндегі  сәйкестіктер.  «Жұлдызы  жарасты», 
«Жұлдызы  қарсы»  сөздерінің  мағынасы.  Он  екі  жұлдыз. 
Мінездегі сәйкестік дұрыс па, қарама-қарсылық дұрыс па? Өзіңді  
тани біл. Өзгені тани біл!  
Қыз  өтімділігі.  Мінез.  Бой  күту  сырлары.  Тазалықтың  рөлі. 
Бояну дұрыс па, әлде жастықтың өз бояуы бар ма? 
Қылықты қыз қандай қыз? Қылықтың сиқырлы күші:  жүріс-
тұрыс,  көзқарас, «флирт» «Табиғилықтың» магниті. 
Кеудесі  ашық  көйлекті  неге  киген?  Қазір  кию  айып  па? 
Мұсылмандар  неге  қыздарын  қымтай  ұстаған?  Заман  мен 
дәстүрдің    үндестігі  мен    қайшылықтары.  Батыс  және  шығыс 
әдебіндегі ерекшеліктер. Сезімнің  құлы болу – әлсіздік. «Мен – 
мықтымын.  Мен  –  сабырлымын.  Мен  –  мейірімдімін».  Сабыр 
және жауапкершілік.  Оның тағдырын ая!  
Кісінің  даналығы  –  әр  істің  аяғы  немен  тынарын  болжай 
білуде.  Махаббат  традегиясы:  махаббатын  қорғап  құрбан  
болғандар. Өзін-өзі  құрбан еткендер. Көзқарас.  
Қыз  қадірі  неде?  «Қыдыруға  қыз  жақсы,  үйленуге  жар  
жақсы». «Айтпай да болмас әлгі, айтып та болмас әлгі». «Жүз рет 
өлшеп, бір рет кескен ұтады». 
«Асығыс  арты  –  өкініш».  Жұқпалы  аурулар.  СПИД-тен  тірі 
қалу жоқ! Қыз бойындағы түрлі өзгерістер. Не істеу керек?  
«Сізбен  танысқым  келеді».  Таныстық:  көшеде,  қонақта, 
мектепте. Қыздың іс-әрекеті. Сөзі. 
Көшеде  кездескен  жігіт.  Пиғылы  қандай?  Дөрекілікке  не 
жауап? Сөз – үлкен қару. Қорғаныс қимылдары. 
«Қызға  жігіт  құмар-ай».  Кездейсоқ  кісінің  көз  сүзуі  қауіп  
әкеледі. Не істеген дұрыс? 
Ер адамда кездесетін лас сезімдер. Одан қорғану. 
Зорлық. Жан жарасы жазылады. Алдын алған бәрінен жақсы. 
Отбасын  қай  жаста  құрған  дұрыс?  Отырып  қалған  бойжеткен. 
«Көкек махаббат» мәңгілік пе? Махаббаттан кейін махаббат бола 
ма? Сезім  тұрақтылығы не үшін қажет? 


287 
 
Жеңіл жүріс. Оған себеп? «Пайдасы» мен «зияны». 
 Отбасы  бақыты  деген  не?  Тұрақты  қарым-қатынас  отбасын 
бақытты қылады. Бала уайымы неден? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет