Таланттар



Pdf көрінісі
бет158/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   256
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


290 
 
КӨКБӨРІ 
 
(Бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына арналады) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
САҚ ӘҢГІМЕЛЕРІ 
 
                                                            Бәріміз бір Сақтанбыз
Сақ деген құрсақтанбыз. 
(Қадыр Мырза Әлі) 
 
–  Балам,  түп  атаңның  кім  екенін  білесің  бе?  –  деді  әкесі 
Данабекке. 
– Баламның түп атасы – сақтар, – деді анасы. Данабек:  
– Сақ, сақ, – деп ойланып қалды.  
  Әкесі  баланың  асықтарының  ішінен  дәу  сақаны  алып 
шықты.  
– Бұл не? 


291 
 
– Сақа.  
– «Сақ-а» деген сөздің түбі – «сақ». Сақтар осы дәу сақадай 
шымыр,  жауынгер  болған.  Бие  сауып,  қымыз  ашытқан.  Бір 
жылқының еті тұтас сыятын қазандарға ет асып, ас берген, той 
жасаған.  
Айбегім  Данабектен  үлкендігін  білдіріп,  «сақ»  сөзіне  ұқсас 
сөздерді тауып ала қойды:  
–  «Сақ-сақ  күлді»  десем  ше?  Құдай  «Сақтанғанды 
сақтаймын» деген.  
Әкесі күліп жіберді.  
–  Е,  менің  қызым  естігенін  ұмытпапты.  Данабек,  мектепке 
барғанда  сен  де  Айбегім  сияқты  көп  білетін  боласың,  –  деді.– 
Енді сендерге сақтар туралы әңгіме айтып берейін. 
 Әке  баласын  тізесіне  отырғызды.  Қызы  апасының  иығына 
басын қойды. Әңгіме тыңдауға кірісті.    
 
ТАРҒЫТАЙ 
 
Тарғытайдың  әкесі  –  Көк  Тәңірі.  «Көк  тәңірі»  –«Көктегі 
жаратушы» деген сөз. Ал шешесі су перісі екен. Тарғытайдың үш 
ұлы болған. Олар: Арпоқсай, Ылпоқсай, Қолоқсай. Ол кезде «қол 
– әскер, оқ – ел, сай – патша» дегенді білдіреді.  
Бір  күні  Көк  Тәңірінің  бұйрығымен  аспаннан  алтын  заттар 
түседі.  Қараса:  түрен,  мойынтұрық,  балта,  шөміш  екен. 
Тарғытайдың үлкен екі ұлы бұл заттарды алайын деп жақындаса, 
жалын күшейе түседі. Кенже ұлы Қолоқсай келгенде ғана жалын 
тыншиды.  Заттарды  кенже  ұл  иемденеді.  Содан  былай 
шаңырақтың иесі – кенже ұл болып саналады.  
–  Сен  –  біздің  кенжемізсің,  –  деді  әкесі  Данабекке.  –  Сен 
өскенде,  біздің  шаңырақтың  иесі  боласың.  Шаңырақты 
шайқалтпай  ұстау  үшін  ақыл,  білім  жинауың  керек.  Денің  сау, 
мықты болып өс! 
– Әке, түрен, мойынтұрық, балта, шөміш деген немене? 


292 
 
– Ол – аспандағы жұлдызды айтқаны. Жұлдыздарға қарасақ, 
әлгі заттарға ұқсас. Мысалы, шөміш – Жетіқарақшы жұлдызын 
бейнелегені.   
Баланың есіне апасының сорпа құятын шөміші түсті.  
–  Ал  түренмен  тың  жерді  жыртады.  Ол  –  аспандағы  Кіші 
жетіқарақшы  жұлдызын  бейнелегені.  Мойынтұрық  –  Қарақұрт 
жұлдызы.  Оны  басқа  елдер  Кассиопея  дейді.  Аспанға  қарасаң, 
балтаға  ұқсас  та  жұлдыз  табасың.  Қазақта  Тарғытай  әңгімесін 
суреттейтін мынандай жұмбақ бар:  
 
Жапанда жайнап  тұрған бір бәйтерек
Заты бар бұтақ сайын  жанға керек. 
Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық, 
Төртеуін таңдап алдым ерекшелеп. 
   
Әңгіме аяқталған соң, Данабек терезеден аспанға көз салды. 
Жетіқарақшы жұлдызы оған жымың-жымың еткендей болды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет