297
Күндіз отырмаған. Жауларымен арыстандай алысқан. Жаужүрек
інісі Құлтегін екеуі елді біріктірген. Ол заманда түркілерді
айналадағы көршілерінің бәрі сыйлаған.Түркі тілін үйренген.
Бір күні Білге басынан өткен барлық оқиғаларын есіне
түсіреді. Балаларына айтатын өсиетін алып тасқа жазып
қалдырады. Сонда Білге қаған былай деп жазыпты:
«Аспан айналып түспейінше,
жер ойылмайынша, түркілердің
мемлекеті мен салт-дәстүрі жойылмайды! Ешкімге құл
болмайды!»
Данабек:
– Құл
болу деген не, әке? – деді.
Әкесі:
– Құл болу – ана тіліңді ұмыту. Ата салтыңды білмеу. Өз
есіміңді басқа біреудің атына айырбастау.
– Мен Данабек есімімді ешкімге айырбастамаймын! – деді
бала.
– Мен де Айбегім атымды ешкімге айырбастамаймын! – деді
қыз.
Данабек Айбегімге қолын шошайтып күлді:
– Иә, иә, сені көрші қыз Айя деп жүр ғой.
Айбегім айтты:
– Мен оған атым Айя емес, Айбегім деп түсіндірдім. Енді
дұрыс атайды. Ал,
дұрыс атамаса, шақырғанына бармай қоямын!
Әкесі екеуінің де басынан сипады:
– Дүниеде ең қымбат – өз есімің, өз тілің. Оны еш нәрсеге
айырбастауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: