7. Дәстүрлі салтымызға жат діндердің қысымына тосқауыл қою. Жас мемлекетіміздің ұйтқысы болып отырған қазақ ұлтының
тұтастығына әр түрлі сенім-көзқарастарды тықпалау арқылы іріткі
салып жүрген жат топтарға заңмен тыйым салуды ойланса дейміз.
Жапония да 300 жыл бойы өзге дінге тыйым салу арқылы
біртұтастығын сақтап қалған. Жеке адамның демократиялық құқы
тұтас ұлтқа қауіп төндіретін болса, арасалмағын саралап көрмейміз
бе? Жоғары оқу орындарында теология факультеттерін немесе
теология институтын ашып, дінді мәдениеттің бір саласы ретінде
зерттеу керек. Дінге дүмше молданың көзімен қараудың уақыты
баяғыда өтті. Жастарды сендіріп сөйлей алмайтын діндарлықты –
тек күнкөрушілік дейміз.