Таланттар


Ауыл балаларының оқуға түсуіне мүмкіндік жасау



Pdf көрінісі
бет193/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   256
  4. Ауыл балаларының оқуға түсуіне мүмкіндік жасау. 
  Елдің  азып-тозуына  байланысты,  ауыл  интеллигенциясы 
әлсіреді.  Кейбіреулер  ауыл  жастарын  «жоғалған  ұрпақ»  қатарына 
жатқызып та қойды. Ал, негізінде, ауылда өскен зиялылар – ұлттық 
дүниетанымның діңгегі. Олардың оқуға қолы жетуі қиындап кетті. 
Тозған  ауыл  мектебінен  жеткілікті  білім  ала  алмаса,  оқуға  қалай 
түседі?  «Сауыншы,  қойшы  бол»  дейтін  де  мүмкіндік  азайды. 
Коммерциялық  бөлімге  төлейтін  шама  қайда?  Мұның  бәрі  – 
ауылдың  ұл-қызы  үшін  проблема.  Сондықтан  дайындық  бөлімі 
тәжірибесін  институттарға  қайта  енгізуді  ұсыныс  етеміз.  Кезінде 
бұл  өзін-өзі  ақтаған  еді.  Еңбекпен  піскен  көзқарасы  қалыптасқан 
қаншама  жігерлі  жастар  дайындық  бөлімдерінің  көмегімен  оқуға 
түсіп, жақсы маман болып кетті. Алдағы оқу жылынан кемінде екі 
жыл  еңбек  еткен,  сол  ауылда  өскен  Армия  қатарында  қызметін 
өтеген жастардың ішінен талаптыларын институт жанында бір жыл 


349 
 
оқыту арқылы, бітіру емтиханымен қабылдауды ұйымдастыру аса 
қиын шаруа  емес  сияқты. Коммерциялық бөлімдердің ақшасынан 
қағыстырса  қаражат  неге  шықпасын?  Ауыл  баласына  қамқорлық 
қазір  әсіресе  керек.  Өзімізді  адам  қылған,  асырап  келген  ауылға 
бүгін қиналған кезінде құрметімізді білдірейік.    
   5. Қыздар тәрбиесіне арналған арнайы бағдарлама енгізу. 
Қоғамда  құндылыққа  деген  көзқарастың  өзгеруіне  байланысты, 
болмысы  өзгереді.  Қыз  тәрбиесін  отбасына  бұруымыз  керек.  Зор 
құндылық – тәрбиелі отбасы. Өз баласының жан-дүниесіне еге бола 
алмай  қалып  отырғандар,  көбіне,  балаға  көңіл  бөлуге  уақыт 
таппағандар.  Отбасы  культін  жасауға  келеріміз  анық,  оған  ұйтқы 
болған ақылды аналарды, жас келіндерді насихаттау керек. Отбасы 
– қоғамымыздың кілті.  
   Мектепте  еңбек  сабақтарының  бағдарламасы  баяғыша  ұл-
қыздарға  ортақ.  Қыздарға  арналған  бөлек  бағдарлама  жасап, 
өмірлік дағдыларға үйрету керек. Мектеп бітіріп шыққан қыз бала 
дәмді тамақ пісіру, киім тігуге дейінгі дағдыларды, қарым-қатынас 
психологиясын,  ұлттық  әдеп  негіздерін,  Шығыс  және  Еуропа 
этикетінің ерекшеліктерін, талғаммен киіну, дене күтімі т.б. біліп 
шығуы  керек.  Бұл  ретте  де  Жапония  мектебінің  үлгісіне  назар 
салуға болады.  
  Тіпті  отбасы  тәрбиесіне  мықтап  көңіл  бөлінетін  қазақша 
қыздар  гимназиясын  ашса  да  болады.  Қыздар  педагогикалық 
институтымен тығыз байланысып, кешенді жұмыс істесе.  
  Отбасында  қыз  баланың  билігі  –  отағасының  рөлімен  таласу 
емес, отанасы бола білу екенін ұғындыру тәрбиесі жетімсіз. Кейбір 
әдепсіздіктер  өмір  сүруге  бейімділік  болып  көрінеді.  Бұл  –  қыз 
тәрбиесіндегі қайта айналып көрініс беретін олқылықтар. Қысқасы, 
қыз тәрбиесі маңызды мәселенің бірі болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет