– Сіздің мектеп ашу ниетіңізді сезгенде, қол ұшын созған саналы азаматтар болды ма? – Мектеп ашыларда республикалық «Қонаев қоры»,
«Жалын» басапсының директоры Б.Нұржекеев, «Мектеп»
баспасының директоры Ж.Нұсқабаевтар материалдық көмек
көрсетті. Моральдық жағынан қамқорлық көрсеткен адам –
халықаралық «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы
Назарбаева. Мұндай мектептің ашылғанын естісімен, осы
мектепте болып, балаларға сый-сияпат үлестірді. Балалар
болашағына көңіл бөліп, аз да болса өз үлестерін тигізуші
азаматтарға мың да бір алғысымды айтамын.
Ал дәл қазіргі сәтте ешқандай көмек жоқ. Мұғалімдердің
жалақысын ауылдағы ата-аналарының төлеуінен аламыз. Әр
балаға – үш жүз теңгеден, ол өте төмен. Оны бере алатындар да,
бере алмайтындар да бар.