– Әңгімеңізге рақмет айта отырып, келе жатқан Наурыз мерекесіне орай әйелдерге қандай тілек тілейтініңізді айта кетсеңіз. – Қазақ қыздарының өзінің халқының атына кір
келтірмейтін ибалы, білімді, әдепті болуын қалаймын. От басы
аман болсын, тыныштық болсын демекпін.
– Әумин, айтқаныңыз келсін! (Сұхбаттасқан – Есенкүл Кәпқызы)
ЕЛДІК ҮШІН БЕСІГІМІЗДІ ТҮЗЕЙІК
Экономикалық дағдарыс сансыратқан елімізде мектептер мен арнаулы оқу орындарының жастарға білім беру шаралары да тығырыққа тіреліп тұр. Содан шығудың жолдарын іздеп, ұрпақ үшін жаны күйінген ұстаздар мен мұғалімдер қажырлылықпен қажымай еңбек етіп жүр. Сондай табанды ұстаздардың бірі – Алма Қыраубаева. Тілшіміз осы кісімен мектептегі сабақ, білім беру мәселелері төңірегінде әңгімелескен еді.