Таланттар


Мұратханқызы  Райхан,  Алматы  қаласындағы  №161



Pdf көрінісі
бет222/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

         Мұратханқызы  Райхан,  Алматы  қаласындағы  №161 
гимназия директорының орынбасары, Білім беру ісінің озық 
қызметкері: 
–  Жаппай  орта  білім  беру  дәуірін  бәріміз  басымыздан 
өткердік.  Бір  кезде  нашар  оқушыларды  бір  сыныпта  екі  жыл 
отырғызуға  немесе  мектептен  шығарып  жіберуге  болатын  еді. 
Мұның  бәріне  кейін  тыйым  салынды.  Жоғары  жақтан  келетін 
өктем нұсқаудан қорыққан мектеп аттестаттары шәкірттің бәріне 
берілетін  болды.  Бұл  шара  20-жылдардағы  ликбезден 
айырмашылығы  шамалы  ғана  еді.  Сол  жылдары  Үкімет 
қателескен үстіне қателесе береді. Аттестаттағы пәндердің орта 
бағасы оқуға түскен кезде қоса есептеу дегенді ойлап тапты. Бұл 
жағдай  білімнің  емес,  мұғалімнің  «беделін»  өсірді.  Сол  секілді 
медальдар мен мақтау қағаздары да сан алуан «құйтырқыларды» 
өмірге алып келді. Әйтеуір, сол дәуірдегі білім алған жастардан 
Нобель сыйлығын алған ешкім болмады, ал басқаларының бәрі 
қолдан  жасалды.  Міне,  осындай  салдардан  құтылу  үшін  қазіргі 
күннің талабына сай арнаулы мектептер, лицейлер, гимназиялар 
ашылды.  Мұнда  негізінен  саралап  оқыту  алынып,  әр  баланың 
дара  ерекшелігі  ескеріледі,  өз  қабілетіне  қарай  білім  алу 
мүмкіндігі туып отыр. 


370 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет