Таланттар


ҰЛТҚА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ҚАЖЕТ



Pdf көрінісі
бет238/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   256
ҰЛТҚА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ҚАЖЕТ 
 
       Алма  Қыраубаева  –  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ 
мемлекеттік  университетінде  дәріс  береді.  Филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор.  Жуықта  қалалық  білім 
беру басқармасының шақыруымен Астанада болып, қазақ тілі 
мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арнайы әдістемелік лекциялар 
оқыды. Сол күндері ғалым апаймен кездесіп, әңгімелесудің сәті 
түскен еді. 
 –  Сізді  мемлекеттік  білім  беру  жүйесі  жайлы  нақты 
ойлар  айтып,  анық  қадамдар  жасап  жүрген  ұстаз  ретінде 
білеміз.  Сондағы  жаңашыл  пікірлеріңіз  жайлы  тереңірек 
білгіміз келеді? 
–  Мемлекеттік  білім  беру  саласына  жүйелі  түрде  ежелгі 
дәуір  әдебиетін  оқытуды  кіргіздім.  Менің  айтып  отырғаным  – 
XІІІ-XIV  ғасыр  әдебиеті.  Енді  осыны  қалай  оқыту  жөнінен 
астаналық  отыз  шақты  мұғалімге  лекция  өткіздім.  Меніңше, 
 


388 
 
ежелгі  әдебиетті  орыс  сыныпта  оқитын  қазақ  балаларына  да 
оқыту  керек.  Олар  Пушкинді,  Толстойды,  Лермонтовты  жақсы 
біледі.  Қазақстан  білді  дегенің  өзінде  Абайды  естуі  мүмкін. 
Сондықтан  да  қазақтың  баласы  орыс  болып  кетті  деп  әлемнің 
рухани  қазынасы  ортайып  қалмайды.  Ол  –  тек  қазақ  үшін,  сол 
халықтың ұрпағы үшін қажет дүние. Бүгінгі таңда оқулықтан тыс 
сабақ  үйрететін  мұғалім  шамалы.  Құр  босқа  «Мен  қазақпын» 
дегеннен  ештене  шықпайды.  Ежелгі  әдебиетті,  мәдениетті 
жаңғырта отырып, сол кездегі әлемдік туындылармен салыстыру 
арқылы  бүгінгі  уақытпен  қабыстыру  керек.  Осылай  баланың 
қызығушылығын оятуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет