Таланттар


– Сіз баспасөз беттерінде «ұлттық мектеп» деген пікірді



Pdf көрінісі
бет239/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

– Сіз баспасөз беттерінде «ұлттық мектеп» деген пікірді 
жаңғыртып  жүрсіз.  Ұлттық  мектеп  пен  қазақ  мектебінің 
айырмасы қандай?  
–  Бізде  қазақ  мектебі  бар,  бірақ  ұлттық  мектеп  жасалған 
жоқ. Ол үшін уақыт керек. Әрі бір адамның мүмкіндігі жетпейді. 
Бір  мектепті  ұлттық  мектеп  ретінде  жасауға  неге  болмасын. 
Барлық мектепте бір уақытта іске асатын шаруа емес  – бұл. Ең 
бастысы,  мемлекеттік  қолдау  қажет.  Әйтпегенде  бүкіл  ұлт 
мүддесін, ел тағдырын бір шенеунік ұйқылы-ояу отырып, шеше 
салуы  мүмкін.  Мысалы,  айтайын:  үлкен  психолог,  доктор, 
педагог  Құбықұл  Жарықбаев  орта  мектептерге  әдеп  сабағын 
еңгізе алмай жүр... Қазір бізде тәжірибе жасаушылар көп. Әркім 
әрқалай  ізденуде.  Сөйте  тұра  ұлттық  мектептің  тұтас  жүйесін 
жасаумен айналысып жүрген жанашырды  білмедім. 
–  Сізде осындай идея болды ғой?   
–  Бұл  тұрғыдан  айтар  болсам,  мен  өз  идеямды, 
идеологиямды  мемлекеттік  жүйеге  тықпалаудан  аулақпын. 
Дегенмен  жан  дүниемде  пісіп-жетілген  пікірлерімді  жүзеге 
асыруға ниет еттім. 1993 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы 
Жандосов  ауылында  Гуманитарлық  қазақ  мәдениеті  мектебін 
аштым. Үш жыл жұмыс істеді. Міне, осы арқылы өз идеямды іске 
асыруға ұмтылдым. Менің бағдарламада: 1-сыныптан бастап 11-
сыныпты аяқтаған қазақ баласы қандай болу керек деген мақсат 
тұрды. Ең бастысы, қазақ баласын жасықтықтан  құтқару керек. 


389 
 
Оны  құтқаратын  кез  –  мектеп  жасы.  Жасық  болып  өскен  адам 
елін, Отанын, отбасын, тіпті өзін қорғай алмайды. Бұны кешегі 
отарлау саясаты пайда болдырды. Және пайдаланды.  
– Сонда  қазақты  «жасықтықтан»  құтқаратын  мектеп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет