Таланттар


тұманы әлі сөйлегенше талай қара шашқа қырау түсер



Pdf көрінісі
бет243/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   256
тұманы әлі сөйлегенше талай қара шашқа қырау түсер.  
 Дегенмен  жатқанды  жарылқайтын  құдай  жоқ. 
«Жүргенге  ғана  жөргем  ілінеді».  Ендеше,  осы  Астанаға 
жоғарыда  айтылған  «ұлттық»  мектептің  іргетасын  неге 
қаламасқа? Осыдан қазақ пайда көрмесе, зиян шекпесі кәміл. 
Ел  не  айтады?  Ағалар  қалай  қарайды?  Оқырман,  сен  не 
дейсің?   
                                      (Сұхбаттасқан – Бекен Қайратұлы) 
 


391 
 
 
ЕЖЕЛГІ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ 
 
Әдебиет тарихын оқу жазба мұралардың мазмұнымен танысу 
десек,  мақсатты  тым  жадағай  түсінген  болар  едік.  Әдебиет  – 
әлемді  түсіну,  айналадағы  өмірді  зерттеу,  адамды  тану.  Оқушы 
әдебиет  тарихын  оқыған  кезде  одан  өзін  толғандырған  өмірлік 
мәселелерге  жауап  іздейді.    Әдебиет  проблемалылығымен 
қызықты. 
Егерде  ежелгі  әдебиетті  оқыту  «тақырыпты  өту»  дейтін 
үстірт  ұғымға  айналып  кетсе,  онда  әдебиет  тарихы  бір  жақта, 
оқушы  өмір  сүріп  жатқан  уақыт  қажеттілігі  бір  жақта  қалмақ. 
Әдеби  шығарманың  жазылған  уақытын  тарихи  зерттеп  оқыту, 
сабақта  проблемалық  жағдай  туғыза  отыру  арқылы  оқушы 
көкейіндегі  көптеген  сұрақтарға  жауап  бере  алсақ,  сонда  ғана 
мақсат орындалды десек болар еді. 
Ежелгі  әдебиетті  өмірге  енді  кіре  бастаған  жас  буынды 
толғандыратын мәселелермен қалай байланыстыруға болады? Ол 
үшін  баланың  жан  дүниесі  қандай  сұрақтарға  жауап  іздейтінін 
ұғуымыз  керек.  Өмір  қандай  мәңгілік  болса,  өмірді  сүре  білу 
мәселелері  де  сондай  –  мәңгілік.  Ендеше,  бүгінгі  оқушыны 
мынадай сұрақтар қызықтырмауы мүмкін бе? Мысалы, өмірдегі 
негізгі  құндылық  не?  Дүние  байлығы  ма,  рухани  байлық  па? 
Дүние  жию  айып  па?    Біздің  қоғамда  рухани  байлық  жиған 
адамның  кедей  болатыны  несі?  Ол  уақытша  ма?  Адам  қайтсе, 
бақытты болады? Кісі өз бақытын ел бақытынан таба ала ма? Өз 
бақытын ел бақыты үшін айырбастай ала ма? Туған-туыс, жора-
жолдас, көрші-қолаң, ағайын-жегжатпен бөлісу қажет па?  Әркім 
тек  өзі  үшін  өмір  сүрсін  дейтін  макиавелизмге  көзқарасың 
қандай?  Адамның  қадір-қасиеті  неде?  Мен  кіммін?  Нені  жақсы 
көріп, нені жек көремін? Өмірге не үшін келдім? 
Оқушы  белгілі  дәрежеде  осы  сияқты  өмірлік  мәнді 
сұрақтарға  жауап  алып  отырғаны  жөн.  Ежелгі  әдебиеттің 
көтерген  мәселелерін  тарихи  уақыт  контексінде  қарай  отырып, 
қазіргі  кезең  мен  кеше  ғана  басымыздан  өткен  тарихи 


392 
 
оқиғалармен үндесер тұстарын тауып алу қажет. Ретіне қарай осы 
жағына көбірек назар аударылғанын қалар едік. Оның тәрбиелік 
мәні де зор екені дау тудырмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет