Таланттар



Pdf көрінісі
бет69/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   256
сабақтары:  тіл,  мәдениеттер  тарихы  мен  әдебиет.  Қосымша 
сабақтары:  жантану,  экономика  негіздері,  заң  негіздері, 
жаратылыс  және  экология,  ойлау  өнері,  өнер,  дене  тәрбиесі. 
Жалпы сабақтары: математика, химия, физика. 
Тіл:  Қазақ  тілі  (міндетті),  басқа  тілдерден:  ағылшын  және 
орыс тілінде сөйлеп шығу. Мәдениеттер тарихы мен әдебиет он 
шақты  курсқа  бөлініп,  әркім  қалауы  бойынша  үшеуін  таңдап 
алады.  Курстар:  Қазақстан  тарихы  мен  әдебиеті  және 
этнографиясы (міндетті). Түрік тілдес елдер тарихы мен әдебиеті, 
Шығыс  мәдениетінің  тарихы  және  Ислам-Құранмен  танысу, 
Көне  грек  мәдениетінің  тарихы,  Еуропа  мәдениетінің  тарихы, 
Славян  мәдениеті  мен  Ресей  империясының  тарихы,  Америка 
мәдениетінің тарихы, Ақ елшін (ағылшын) мәдениетінің тарихы, 
Қазақстандағы  мәдениет  –  әдебиет  қайраткері  әйелдер, 
Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар қозғалысы.
 
Жантану: мектеп 
жасына  дейінгі  бала  және  төменгі  класс  оқушыларының  жан 
дүниесі;  отбасы  жан  дүниесі  мен  құлығы;  қарым-қатынас 
мәдениеті.  Ойлау  өнері:  сезім  тәрбиесі,  ақыл-ой  тәрбиесі, 
көпшілік  алдында  ойын  айта  білу.  Өнер:  қол  өнері  (міндетті), 
таңдауы  бойынша  өнер  теориясы,  театр,  би,  ән  айту  не  күй 
аспабын тарта білу (қобыз, домбыра, шаңқобыз). Дене тәрбиесі 
күнделікті.  Жалпы  сабақтардан  «тапсырды»,  «тапсырмады» 
деген  белгілер  ғана  қойылады.  Бала  санасына  ешбір  саясат 
зорлықпен  таңылмайды.  Бұл,  әрине,  болуға  мүмкін  ондаған 
жобалардың  біреуі  ғана.  Бұдан  басқа  да  сан  бағыттағы 
мектептердің,  тіпті  жекеше  жоғарғы  оқу,  тәуелсіз  колледж, 
лицейлердің  ашылып,  жұмыс  істеуі  оқу  саласында  бәсеке 
тудырып, игі бағытқа бастауы сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет