Таланттар



Pdf көрінісі
бет72/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   256
бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!»  
Қазақ халқының қарым-қатынас мәдениет аса жоғары болған. 
Туысқан-бауыр,  ата  мен  бала,  құда-жекжаттың,  қыз-жігіттің, 
қайын  мен  жеңгенің  бір-біріне  деген  сый-құрметі  –  қазақ 
баласының ұғымына кішкентайдан сіңірілетін өзінше бір мектеп. 
Оны сол ортада өспеген адамның біліп, түсінуі қиын. Бұл жөнінен 
де қазақтың шешендік сөздері акылшы бола алады. Майқы бидің 
мына сөзіне зер салайық: 
 
Адам бақсаң, атаң бақ,  


155 
 
Көз жұмар сапар аттанып,  
Сөз білген атаң ата-ақ.  
Айтқаны қалар жатталып. 
Қонаққа аспа жауырын, 
Таңдап бергей тәуірін. 
Бипаз сөйле кеткенде, 
Сипап жібер сауырын. 
Жілік жесең біреуден, 
Сақта оған жамбасты. 
Басыңа іс түскенде, 
Жамбастан ол танбас-ты, 
Болмаса егер албасты. 
Немесе: 
Таздан жарғақбас туар,  
Кедейден малбақпас туар.  
Соқырдан көрмес туар,  
Сараңнан бермес туар. 
 
Балаға:  өз  атаң,  нағашы  атаң,  кіндік  атаң,  өкіл  атаң,  сүндет 
атаң,  пір  атаң,  қайын  атаң,  –  деп  жеті  атасын  үйретіп,  «Жеті 
атасын  білген  жеті  рудың  қамын  жейді»  деген  қазақтың 
халыктық  тәрбиесінің  кеңпейілділігіне,  адамгершілігіне  тәнті 
боласың. 
«Тәкаппар  адамды  тәңірі  сүймейді.  Анадан  өнеге  көрмеген 
қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман, ондай бала ел 
басын  құрап,  үйінен  дәм  беруге  жарамайды.  Атаның  атын 
былғаған  ақылсыз  баланың  әке  омыртқасынан  жаралып,  ана 
құрсағында шырланып, тумағаны жақсы. 
Тізесін  бүгіп  отырған  инабатты  әйел  көрікті.  Үлкен 
шаңырақтың  қасына  тігілген  келіннің  отау  үйі  көрікті.  Әйел 
төрт түрлі болады: Оның бірі – ниеті қураған әйел, екіншісі –
ынсапсыз әйел, үшіншісі – үйдің  құты болған әйел, төртіншісі – 
кесір әйел. Әйел біткеннің ең жаманы – осы. 
Отбасының құты болған әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде 
ері  болмаса  да,  оған  сусын  беріп,  бар  дәмін  алдына  қояды, 
сыйлап, аттандырып салады. Бұлар Айша мен Фатимадан бата 
алған әйелдер. Мұндай әйелдер мыңдап өссе де, көп емес.  


156 
 
Қазақ  кісілігінің  түп  тәрбиесі  мен  тұтас  мектебі  мақал-
мәтелдерде жинақталғанын Сұлтанмахмұт Торайғыров «Айтыс» 
поэмасында  дәлелдеп  береді.  Өз  халқы  туралы  соншалық 
сүйіспеншілікпен  жазғандығы  үшін  де  ақынның  бұл  поэмасы 
жасырын ұсталып келген. 
Қарашы, міне, қандай пікірлер бар:  
 
1-«3аманың түлік болса, тазы боп шал».  
2-«Қылышты сұғып байқа өз саныңа, 
Өз саның ауырмаса, біреуге сал».  
3-«Аспен ат, біреу таспен атса сені».  
4-«Мың сіз-бізден бір шыж-мыж артық», – деді.  
5-«Өз етігің тар болса дуниенің
Кеңдігінен көрмессің дәнеңені».  
6-«Торғай артық жердегі – қолыңдағы,  
Ұшып жүрген тырнадан әуедегі».  
7-«Отқа жақ алтын ерің атқа тисе»,  
8-«Енбек қыл да, міндет қыл» деген еді.  
9-«Талаптан, нұр жауады талапты ерге»,  
10-«Көрпеңе шақта аяқты, соза берме».  
11-«Басқа тұрсын атың мен астыңдағы,  
Қойныңдағы қатынға сенбе, сенбе!»  
Күллі дін, бар философ айтқандары,  
Осы он бірдің астында түгел бәрі.  
Екінші, үшіншіден дәмлі сөзді.  
Айтқан жоқ Енжіл менен Құран-дағы.  
Төртінші, бесінші де Марксіңнен,  
Өмірді ұғынуда кеткен әрі. 
 
Жетпіс жыл бұрын жазылған ақын ойларының бүгінгі күнге 
қабыспай  тұрған  жерлері  де  табылар,  бәлкім,  бірақ  жалпы 
алғанда, оқушысын ойландырары сөзсіз. 
Халық  тәрбиесінің  тағы  бір  бастауы  –  тыйым  сөздерде. 
«Табу» (тыйым)  деген үғымды  батыс  ғылымына енгізген ХVІІІ 
ғасырдағы  ағылшынның  теңіз  саяхатшысы  –  Д.  Кук. 
Полинезияның  тұрғылықты  халқының  тіршілігін  бақылай 
отырып,  тыйым  салынған  нәрселердің  қай  зат,  адам,  қай  сөзге 
қатысты екенін анықтап, мағынасын зерттеген. 


157 
 
Қазақтың  тыйым  сөздерінде  де  халықтық  тәрбиенің  негізі 
жинақталған.  Мысалы,  «Әйел  адам  ер  кісінің  жолын  кесіп 
өтпейді»,  –  дейді.  Сол  арқылы,  ер  азаматқа  отбасының,  елінің 
жауапкершілігін  міндеттеп,  әйелге  азаматын  құрметтеуді 
тапсырады.  «Молаға  қарай  қолыңды  шошайтпа»,  «Бас  ұстасаң, 
әкең  өледі»,  «Төрге  қарап  жүреңнен  отырма,  ырысың  кетеді» 
дегендер  –  жоғарғы  күшпен  сескенту  арқылы  еске  сақтауға 
мәжбүр  ететін  сыпайылық  мәдениет.  Тыйым  сөздердің  біразы 
қыз баланың инабаттылық, ізеттілігін еске салады: «Адамға қарап 
керілме», «Жатқан кісінің үстінен аттама», «Сыпырғыны жоғары 
көтерме»,  «Дастарқаннан  аттама»,  «Жер  таянба»  т.б.  Кейбір 
тыйым  сөздер  кенеттен  кездесетін  қорқудан  сақтандырады: 
«Суға  қарай  жүгірме»,  «Түнде  суға  барма»,  «Түнде  далаға  кір 
жайма». 
Қазіргі  ұрпақ  тәрбиесіндегі  ең  үлкен  кемшіліктің  біреуі 
рухани  жасықтық  болуға  тиіс.  Рухани  жасықтықтың  қарама-
қарсысы, яғни қазақтың нағыз мінезін жыраулық поэзиядан көре 
аламыз. Жыраулық поэзия еркін, рухы жоғары ой-санадан туған. 
Оның  жалғасы  –  айтыстағы  ерлік,  өзін-өзі  асқақтата  жырлау. 
Тоныкөктің,  Қазтуғанның  өзін  мадақтауы  мақтаншақтық,  ұсақ 
мінез емес. Халқының тәуелсіздігіне, еркіндігіне арқа сүйеген өр 
мінезден,  іріліктен  туған.  Бодандық,  кедейшілік  қазақтың  өр 
мінезін  жасытты.  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай:  «Ерден  еркек 
қалды,  көлеңкеңнен  үркек  қалды».  Жалшылық  жан  дүниесі 
қалыптасты. 
XV-ХVІ  ғасырдағы  қазақтың  асқақ  рухы  Қазтуғанның 
«Мадақ  жырында»  және  Еділ  жөніндегі  толғауында  айқын 
көрінген. Мысалы: 
 
Бұдырайған екі шекелі,  
Мұздай үлкен көбелі,  
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,  
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті.  
Айдаса қойдың көсемі,  
Сөйлесе қызыл тілдің шешені.  
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,  


158 
 
Қалайылаған қасты орданың сырығы. 
                  *       *       * 
Буыршынның бұта шайнар азуы,  
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.  
Бұлт болған айды ашқан,  
Мұнар болған күнді ашқан,     
Мұсылман мен кәуірдің 
Арасынан өтіп бұзып дінді ашқан,  
Сүйінішұлы Қазтуған! 
 
Халықтық тәрбиенің тағы бір қайнар көзі – орта ғасырда өмір 
сүрген  бабаларымыз  жазған  әдеби,  ғылыми,  педагогикалық 
кітаптарда. 
«Құтаю 
білігі», 
«Гүлстан», 
«Қабұснама» 
кітаптарының  бетін  ашқан  әрбір  адам  бұған  тәнті  болмақ.  ХІ 
ғасырда жазылған «Қабұснамада» мынадай ұлағатты сездер бар: 
«Сені  жан-ділімен  жақсы  көріп,  тәрбиелеп  жүрген  ата-
анаың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай 
да жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кім де кім ата-
ананың  жақсылығын  білмесе,  басқа  біреудің  жақсылығын  да 
бағаламайды...  сен  ата-анаңа  не  істесең,  саған  перзентің  де 
соны жасайды». 
«Егер де сенің көңіліңде қайғың немесе қуанышың болса, оны 
сол  қайғы  мен  қуанышқа  серік  болатын  адамға  ғана  айтуыңа 
болады.  Қайғылы  жанға  қуанышыңды  айтпа.  Үмітсіздіктен 
сақтан, жақсылықтан үмітіңді үзбе, үміт есігін аша біл». 
Енді  VІІІ  ғасырда  жазылған  Орхон  ескерткішіндегі  мына 
жолдардың  тәрбиелік  мәніне  назар  аударалық:  «Інілі-ағалының 
дауласқандығынан,  бекті-халқының  жауласқандығынан  түркі 
халқы елдігін жойды». 
Сондай-ақ  халықтық  тәрбиенің  ғылыми  тілде  жинақталған 
түрі Мағжан «Педагогикасында» деп ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет