Таланттар



Pdf көрінісі
бет90/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

СУРЕТ- ЖАРИЯ 
 
Баланы  бірімен-бірін емес,  өз мүмкіндігімен   салыстыруға 
көңіл  бөлуі  керек.  Әрқайсысы  өз  шығармасын  жариялауға 
құқықты.  
Алматыдағы  бір  американдық  мектепте  болғаным  бар. 
Сондағы  ілінген, сызылған,  көрсетілген,  барлық нәрсенің  бала 
жан-дүниесін  есепке  алынып  жасалғаны  қызықтырып еді.  Сырт 
көзге  арнап  жалтыратып,  балаларға  қол  тигізбей,  қақайтып 
қойған  ештеме  байқалмайды.  Әр  бөлменің  қабырғасы  
балалардың  жалбыраған  суреттеріне  толы.  Осы  идеяны 
мектебімізде  қолдандық.  Мұғалімдерімізді  кезек-кезек  алып 
барып,    сабақтарына    кіргіздік  (мұғалім    ізденуден  қалған  күні 
мұғалім болудан  қала бастайды).  
Сырттан  келген  кісілер  кең  фойеміздің    қабырғаларында  
желім қағазбен  жапсырылған  үлкенді-кішілі суреттерді, бір-екі 
шумақ  өлеңді,  бір  ауыз    тапқыр  сөзді,  кроссвордты,  жақсы 
шығарылған  есепті,  3  жылдық  оқушысының  ойдан  шығарған  
жарты немесе бір бет әңгімесін көрер еді. Үзілісте  оқушылардың  
өзі жаңа  ілінген  дүниені оқып-көріп жатады. Біз де үңілеміз. 


192 
 
Қысқасы,  шәкірттің  титтей  шығармашылық  талабы 
жарияланады. Оны мұғалім  әкеліп іледі, оқушы  өзі  жапсырып,  
әйтеуір  тынымсыз  тіршілік жүріп жатады. Олар жай  қағаз емес,  
шәкірт  жүрегінде  бұғып  жатқан  шығармашылықты  түртіп  
оятатын қағаздар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет