Таланттар



Pdf көрінісі
бет91/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

ЛЕЗДЕМЕ ТАҚТА 
 
Оқу  бөлмелерінен  шыға  берісте  бір  тақта  ілініп  тұрды. 
Жанында дайын бор бар. Мағынасын түсінбеген адам: «Дәл осы 
жерге тақтаның не керегі бар?» – деп ойлайтын. 
Баланың  қимылы  шапшаң.  Сезімі  лездемде.  Өзінен-өзі 
секіреді.  Жерден  бір  тасты  ала  салып,  іргені  сызады,  партаны 
шимайлайды. Шығармашылықтың бәрі бірден  мәдениеттіліктің  
деңгейіне жете қоймайды. Ойына келіп қалған сөзді жаза салады. 
Бойында  жиналып қалған  қуатты   тез сыртқа  шығаруы керек. 
Оны  тежей  берген  дұрыс  емес.  Өтіп  бара  жатып    лездемеде 
тақтаға  бір  досының  керемет  суретін  сала  салсын.  Басқа 
сыныптың  бір  оқушысын  туған  күнімен    құттықтайтынын 
білдіріп,  леп  белгісін  қойсын.  Төбе  би  өзінің  хабарландыруын 
жазсын.  Мұғалім  оқушыларын  консультацияға  шақырсын. 
Жазатын жер болса,  сөз табылады.  
Міне, ол – тақтаның міндеті. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет