Таланттар



Pdf көрінісі
бет88/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

БИ МӘДЕНИЕТІ 


187 
 
 
Би  –  баланы  ортаға  алып  шығу  құралы.  Билегенде  адам 
ашылады,  сырт  көзге  өзінің  ең  сүйкімді  жақтарымен  көрінгісі 
келеді.  Ішкі  рухани  сезім-күйі,  музыка  тілін  түсінуі  бәрі-бәрі  
жарыққа ұмтылады. 
Адамды бұйығылықтан құтқаруға  көмектеседі.  Сырт көзден 
жасқанбауға,  өзін-өзі  ылғи      бақылауда  ұстайтын  сезімнен 
құтылуға  әсер  етеді.  Біздің  «би  кешіне»  5-жылдықтан  жоғары  
шәкірттер шақырылды. Әуелі би патшасы вальсті қойып ортаға 
шақырып  едік,  балалар  фойеде  жағалай  тұрған  үстелдердің 
астына тығылып қалды. Үстел астында көздері жылтырап, күледі. 
Енді не істедік? 
Олардың ойынша, би билеуге әлі жастары жеткен жоқ. «Би не 
теңі,  мұрнын  сүрте  алмай  жүріп!»…  (Бұл  –  ата-аналар  пікірі). 
Яғни біздің ұғымымыздан биді мәдениет ретінде түсініп,  игеру  
жағы  шығып  қалған.  Оны  тек  сезім  жақындығын  іздеу  рөліне  
қойып  алған,  сондықтан  10-11-жылдық  оқушыларына  ғана 
дискотекаларға  кіруге рұқсат етіледі. Олардың түрі – анау. 
–  Онда ұстаздар бастап билейік, – дедік. 
– Қой, біз қарап тұрсақ болмай ма? – деді олар оқушылардың 
алдында қымсынып. - Қажеті қанша? 
Байқаймыз,  мұғалімдер  бұрынғы  әдетпен  сырттан  бақылап 
тұруға келген екен. 
–  Жарайды, онда мен бастайын. 
– Сөйтіп, алдымен өзім өнер көрсетпесем, басқаларды зорлау-
қорлаумен  бірдей  болатынын  сездік.  Биге  университеттегі 
шәкіртім Ләйлә екеуміз кірістік. Тағы бір шәкірт Самал мырзаны 
«іске  қосты».  Бұйығылықтан    құтылуды,  мұғалімдер,    өзімізден 
бастадық. 
Адамшылық педагогикасы дегеніміз – баланың мүмкіндігіне 
сену. Сол кездері дәптеріме былай деп жазыппын. Сәкен мырза 
басқаларға  айтады:  «Жұрт  алдына  шығып  үйренбесеңдер,  мен 
сияқты  бұйығы  болып  қаласыңдар».  Өзін  алғашқыда  биге 
шығару  қиямет-қайым  болатын.  Үлкендігімізді  алға  тартып  та 
биге шақыра алмағанбыз. Онысына өкпелегенім жоқ. Кісі алдына 


188 
 
шығып қимылдап көрмепті. Дәл қазір ағылшын королевасы келсе 
де, «кешіріңіз» деп  қала берер. Мектебіміздің  ашылғанына үш 
ай өтті, қазір қол-аяғын икемсіздеу қимылдатып, биге араласатын 
болды. Шүпір-шүпір етіп секіріп жүрген балапандардың ішінде 
маңдайы  жарқырап,  бағдаршамдай  тербеледі.  Сәкеннің 
бағдаршамы  тек  жасылды  көрсететін  секілді.  Жымияды  да 
тұрады. 
«Би  кешінен» соң, Ләйлә бике: «Сәкен аға, келгеніңіз қандай 
жақсы  болды. Сіз  келмесеңіз не істер едік?» – деді. Өзінің түк 
тындырмағанын жақсы  білетін Сәкен мырзаның өте қарапайым 
ниетінен  шыққан  мынадай  фәлсәфа  бәріміздің  аузымызда: 
«Денсаулығың  болғанмен, адамгершілігің  болмаса не пайда?». 
 Балалардың  жұрт  алдына  шығып  сөйлеу,  билеу  қимыл-
қаракетін    ашу  үшін  мұғалімнің  өзі  ашылғаны  жөн.  Өмірге 
қажетті бұл дағдылар баланың өзін сенімді сезінуіне көмектеседі. 
Өзіне-өзі  сенбейтін  адам  жұртты  сендіре  ала  ма?  Сенімсіз 
адамнан кісі шыға ма? 
Мұғалімдерді,  балаларды  көптің  алдына  шығару  үшін  
ұйымдастырушыларға  біраз тер төгуге тура келеді. «Би кешін» 
өткізу жөнінде  ұстаздардың пікірі әр түрлі: 
–  Бесінші,  жетінші  жылдықтың  (сыныптың)  баласына 
«дискотека» не керек? Сабақтарын  оқып алса, жетпей ме? 
–  Оқушылар билесе жөн,  мұғалімдер қарап жүрсін. 
–  Өзіміз  билесек  те  болар  еді,  бірақ  оқушылардың  алдында 
ұяламыз. 
Бұдан  аңғарылған  нәрсе  –  билетудің  мақсатын  түсінбей 
тұрмыз. Билету баланы ашудың, өзін сүйкімді көрсетудің тамаша 
жолы  ғой.  Сабақта  жақсы  көрініп  үлгірмеген  кей  баланы 
билегенде  көресің.  Руслан  қыздардың  «Қамажайын»  қалай 
билейді!  Еркін  сөйлей  алмайтынына  айбынып,  қайғырып, 
көңілсіз жүретін Алмастың биін көрші. Басына дейін  былқылдап, 
екі  көзін  тарс  жұмып,  ырғақпен  майысып  рахаттанып  кетеді. 
Балалар билегісі келсе, оның  сабақты жақсы оқығанға дейін жүре 
тұруын немесе  жоғары  жылдыққа баруын күтудің қажеті жоқ. 
Қазір жанына қажетті нәрсе қазір болсын-дағы. 


189 
 
Кей  кісілер  тәрбиедегі  қатал  әдісті  қолдайды.  Бала  үшін  ең 
негізгісі – білім. Сабақтан келсін де, сабақ оқысын. Орындамай, 
орнынан тұрмасын дейді. Бір ел жәшік ойлап  тауыпты. Баланы 
ішіне кіргізіп, аузын құлыптап қояды екен. Сабағын оқып бітпей, 
сыртқа шығармайды. Ұйықтап қалмауын ғана қадағалайды. 
Менің    ойымша,    тәрбиелеу  –  адамның    жанын  жасау.  Тек 
ақпаратты білумен ғана адам жасалмайды. Жаны лас білімпаздан 
адамзатқа  пайда  жоқ.  Егер  баланы  ертелі-кеш  үстел    басынан  
шығармай,  тек ми  жұмысына қойсақ, біраз жылғы  азаптан соң 
бір  шөкім  болып,  қартайып  кеткенін    көрер    едіңіз.  Жалпы, 
баланың  өзі  барометр,  оны  байқаусыз  бағыттап  қойсақ  жетеді.  
Осылай    бағыттап  қоюдың  өзі    талантты    мұғалімнің    қолынан 
келеді. 
«Би  кештерінде»  бидің  классикалық  түрімен  шектеліп  
қалғанымыз жоқ.  Ребін де, ауыр металын да, соңғы билерді де 
биледік.  Оны  шығарған  композитор,  ән-өлеңінің  мазмұнын  
талдап-түсіндіріп отыруға тырыстық.  
Нәтижесінде  «Би  сенімсіздігін»  жойдық.  Шәкірт-мырзалар 
бикештер  мен  ұстаз-бикелерді  еркін  биге  шақыратын  болды. 
Бойын тіктеп, маңдайы жарқырап, тербетіліп билегенде,  өздері 
парасатқа айналып кетеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет