Таланттар



Pdf көрінісі
бет95/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   256
ЖИЫРМА ТОҚТАМ 
 
Мұғалімдер    бөлмесінде  олардың  нені  күтетініміз  былайша  
сипатталып  ілініп тұрды: 
1.  Кісі  екеніне күмәнмен қараған  баладан кісі шықпайды. 
2.  Оқушының 
кемшілігін  көргіш  болсаң,  ықыласын 
өлтіресің. Жеңісін ізде. 
3.  Баланы  таң  қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу  таң 
қалудан басталады. 
4.  Әр  баланың  өмір  тіршілігі  –  өзінше  бір  тағдыр.  Баланың  
тағдырына  ой  көзімен  қара.  Сабаққа  келмесе,  себебіне  үңіл. 
Сабағыңа  қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл. 
Себебін алдымен өзіңнен ізде,  мұғалім. 
5.  Мұғалімнің  өз  сабағын  білуі  жеткіліксіз.  Баланың  жан 
дүниесін  түсінбейтін  мұғалім  сабақ беруші ғана. 
6.  Баға құнды емес, бала құнды. 
7.  Бала мектеп үшін  емес,   мектеп бала үшін жұмыс   істеуі 
керек.  
8.  Әр бала өз мүмкіндігінің жоғары-төмендігіне қарамастан,  
өзінше бір ғажайып құбылыс. 
9.  Мұғалімнің  мақсаты  өз  пәнін  жақсы  үйретуден  гөрі  
тереңіректе. Ол – адам жасаушы адам. 
10. Сабақ    дегеніміз  –  мұғалім  мен  шәкірттің  адамгершілік  
қарым-қатынасы. 
11. Баланың  мүмкіндігіне  сенген  мұғалім  мен  сенбеген 
мұғалімнің  іс-әрекеті  әр түрлі болмақ. 
12. Көптің  көзінше  баланың  кемшілігін  бетіне  баспа.  Сеніп 
айтқан сырын  шашпа. 


197 
 
13. Сабақтың    мақсаты  –  баланың  басқаға  ұқсамайтын 
қасиеттерін аша білу. 
14. Сабақ  үстіндегі  тыныштыққа  көп  ізденіспен,  еңбекпен 
ғана жетуге болады. 
15. Мұғалімнің  сөзі мен ісі  жасанды емес,  шынайы  болуы 
аса қажетті шарт. 
16. Баланың    ықыласын  оята  біл.  Қолынан    іс  келетіндігіне  
сендіре біл. 
17. Мұғалім  мен  баланың  қарым-қатынасы  қуанышты  әрі  
пайдалы болсын. 
18. Балаға  сыйлы  боламын десең, өзің баланы сыйла. 
19. Қиын тақырыпты түсіндіре салып сұрауға  асықпа, келесі  
сабақты қайта  түсіндіруден баста. 
20. Әр бала –  халқының келешек тұлғасы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет