Таланттар



Pdf көрінісі
бет27/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
ШӘКІРТТЕН ҮЙРЕНУ 
 
Шәкірт пен мұғалімнің өзара байланысы бір-ақ жақты болса, 
яғни үйретуші – тек қана мұғалім, үйренуші жақ студент болып 
қалса, мұғалім тез сарқылып қалар еді. Мұғалімнің жан сарайын 
байытып отыратын бұлақтың бірі - шәкірттің өзі. 
Сол  себептен  де  студент  айтқан  қызық  әңгімеге,  бұрын 
естімеген  қызық  сөзге  құлақ  түремін.  Одан  айтушының 
көзқарасы,  мінезі,  талабы  байқалады.  Тіпті  қуана-қуана  қойын 
кітапшаға  өздерінің  көзінше  жазып  аламын.  Реті  келгенде, 
«Мынау пәленшенің аузынан шыққан сөз!» – деп келесі курстың 
студенттеріне  айтып  отырамын.  Бұл  –  алдыңдағы  студент 
бағынышты біреу емес, бәріміз бірігіп жасап жатқан Оқу дейтін 
үлкен  бір  шығармашылық  еңбектің  біргелесі  деп  қарауға 
үйретеді. Мына бір әдемі жұмбақты Нұржан айтқан: 
 
Тамар тамшы жерге жетпес,  
Қамар белбеу белге жетпес. 
 
Шешуін таба қою оңай емес: Сырға мен білезік. Қасиетті жеті 
саны  туралы  Бөкенбайдың  пікірі:  «Жеті  санының  қасиетті 
болуы  өмір  тәжірибесінен  туған.  Жеті  санының  өзі  «жету, 


53 
 
жетілу» ұғымын білдіреді. Баланың ақыл-есі жетіге келгенде ғана 
жетіледі. 
Шала туған бала жеті айлық болса, өмір сүріп кетеді. 
Қазақтың «жете», «жеті» сөздері бір түбірден шыққан». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет