Таланттар


Сағындықтың шағын шығармашылығы



Pdf көрінісі
бет30/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   256
Сағындықтың шағын шығармашылығы: 
«Меніңше,  өлеңнің  ой  түйіні  жыраулық  өмір  тәжірибесінде 
жатыр. Бас-аяғы он төрт жол өлеңде бүкіл өмір тұр. Үлкен өнер 
теңізінде желкенін жел кернеген  Шалекеңнің артына қайырыла 
бір қараған сәті ме, тағдырынан тахит жеп, күрсінген кезі ме, әлде 
ұрпағына  үрке  қарап  айтқан  уәзинасы  ма  –  ол    оқырманның 
өрелігінде!» 
Бақыт: 
«Жел  қуған  бір  әншейін  желөкпе  бұлт  болғанша,  жердің 
шөлін  қандырып,  шатырлатып  жай  тастар  шағырмақ  бұлт 
болыңыз.  Алға  шығар  серкелері  болмаса,  көк  біріге  жолығар 
көптің  бірі  болғанша,  көк  серкесі  болыңыз,  Ақ  желкендей 
желбіреп жеке шыққан үмітке алға апарар не пайда, ебінің желі 
болмаса.  Аласармауын  арманның,  үзілмеуін  үміттің  тілек  етіп, 
жел  болып  ақ  желкенді  үрлесек,  артыңдағы  ел  қоштар.  Әділ 
болсаң,  ел  баста;  ел  бастасаң,  әділ  бол,  елің  жамандық  көрмес. 
Тыныштығыңды бұзып, ел шетіне жау келсе, қаруыңды алып қол 
баста, намысыңды таптатып, тегін олжа болмасқа. Құсты жисаң, 
бүркіт  жи,  көп  қарғадан  не  пайда?  Қауқылдаған  көп  жаманнан 
қалың досың болғанша, басына іс түскенде табылатын қасыңнан-
жалғыз досың жетеді, сүйеу болып қалмаққа!» 
Шәміл: 
 
«Мына әлемді қылаусыз пейіл ұстап тұрғанын
Жырау баба, сен адал ниетіңмен жырладың. 
Өлең сырын түсінем деп кергу де далбаса,. 
Шырқап салар ішіңнен өз өлеңің болмаса. 
Әркімге бір таңданып, әркімге бір көз қадап
Тұрлаусыздық танытсақ, ойда нәр жоқ, сөз – салақ.  
Сөздің дәмін саналы жандар ғана ұқпаса,  
Біз айтқан сөз белгілі болмайтыны мықты аса,  
Арлы ұлдардың ішінде лауламаса алаулар,  
Көтерілмес еді ғой жеңіс үшін жалаулар.  
Өлім келіп ақырын өшіргенде сананы,  


57 
 
Жақсы болсам деген тек ниет қана қалады. 
*     *    * 
Ұрпақтарға мұра сол – аталардан қалған сөз!» 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет