Таланттар



Pdf көрінісі
бет42/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
Ән айта білесің бе? 
 
Жоғарғы  оқу  мұғалімдерінің  жұмыс  жоспарында  сабақтан 
тыс  орындауға  тиісті  «Коммунистік  тәрбие»  дейтін  міндеті  бар 
болатын. Мұғалімдер осы міндетін орындау үшін кезек-кезегімен 
түстен  кейін  жатақханаға  бет  алады.  Алты  сабақтан  шаршаған 
студенттер  енді  коммунистік  тәрбиені  қабылдауға  шамасы 
жетпей,  тығылып  жатып  қалатын  не  мұғалімнің  бақылауынан 
қашып,  қыдырып  кететін.  Мұның  бәрі  студентті  тұрақты 
қадағалауға арналған шара екені түсінікті еді. Оны ұққан кейбір 
мұғалімдер студенттің мазасын алмай, қол қойып кетіп қалады, 
кейбірі  шай  ішіп,  әңгімелесіп  отырады.  Әйтеуір  арнайы 
«коммунистік  тәрбиемен»  айналысқан  ешкімді  көргеніміз  жоқ. 
Кейде түрлі кештер, кездесулер өткізіп жататын. 
Біздің  студенттік  кездерімізден  Темірғали  ағайымыздың 
(Нұртазин) жатақханаға келетіні есте қалыпты. Бір-екі ауыз хал-
жай сұрасымен: «Ән айта аласың ба?» – дейтін. Ол жерден «әнші» 
табылмаса,  жатақхананың  ұзын  дәлізін  жағалап,  кездескен 
студенттен  «Ән  айтатының  бар  ма?»  –  деп  сұрап  жүретін.  Ән 
тыңдағанда, алдында тап бір халық әртісі тұрғандай екі көзін тарс 
жұмып,  жатақхананың  жаман  орындығында  тербеліп  отырып: 
«Па,  шіркін!»  –  деп  қояды.  Үлкен  кісінің  мына  қылығы 
студенттерге балалық болып көрінуші еді. 
Өлең  айтқан  адам  әнімен  бірге  жан-жүрегін  жайып  салады. 
Көздері  сәулеленіп,  сұлуланып  кетеді.  Сондай-ақ  өнерді 
жанымен түсінетін адамнан бір ерекше жылылық сезіледі. Әнді 
тереңнен  сабақтап,  ұға  білетін  адамның  бала  жанын  түсінгіш 
болмауы  мүмкін  емес.  Аңғарғанға,  әр  бала  да  –  бірін-бірі 
қайталамайтын ғажайып ән. Болашақ мұғалім студенттеріме: «Ән 
айта білесің бе?» – деп жиі сұрақ қоямын. 
 


74 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет