Таланттар


БОСАҒАНЫ КҮЙІНІШПЕН АТТАМА



Pdf көрінісі
бет46/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

БОСАҒАНЫ КҮЙІНІШПЕН АТТАМА 
 
Өзін-өзі жөндей алмай, жеңілтектеніп жүрген қыз болса, е-е, 
–  деп  түсінуге  болар  еді,  пәк  те  адал  қыздың  өмірі  дұрыс 
басталмаса, өкініш екен. 
Күнімжан  алыс  ауданнан  келген,  өз  еңбегімен  тырмысып 
оқып  жүрді.  Біраз  жыл  түсе  алмай,  қадірі  өткендікі  ме  екен, 
партаның  ең  алдына  отырып,  мұғалімнің  аузынан  шыққанын 
ұқыптап  жазып  алатын.  Тиянақтылықты  талап  ететін  жұмысты 
мүлтіксіз  орындайды.  Бетінен  иманы  төгілген,  ісінен  ибасы 
білінген момын еді. Таныса келе білгенім: әкесі жақында қайтыс 
болыпты.  Кәрі  анасы,  бауырлары  бар,  қарапайым  тіршілігімен 
күн көрген жандар екен. 
Арада  жылдар  өтті.  Күнімжан  бұрынғыдай  көзге  түспейтін 
болды.  Алдыңғы  партаны  артқа  ауыстырып,  бұрышта  көңілсіз 
отырады.  «Қай  қыздың  басынан  өтпеген  нәрсе,  бір  махаббат 
кездескен болар», – деп қойдым ішімнен. Көп ұзамай, өзіндей бір 
студент  жігітпен  бір  жүргенін  жиі  көретін  болдық.  Адам  жаны 
қуанғанда  жалт-жұлт  етіп  күлімдеп,  жайнап  кетуші  еді, 
Күнімжанды  күннен-күнге  көңілсіздік  басқанын  байқадық. 
Асарын асап, жасарын жасаған адамдай, селт етпейді. Оңашада 
сұрастырып едім: «Өз елімнің баласы, жаман емес, жай әшейін...» 
– деді де қойды. 
Бір жылдан кейін өзі келді. Айтқаны мынау: «Ұят та болса, 
қайтейін,  екіқабатпын.  Ал  жігітім  өзгеріп  жүр.  Тойды,  әне 
жасаймыз, міне жасаймыз деп бірге тұрғанымызға біраз болған. 
Содан  үй  жағдайына  байланысты  4-5  айдай  еліне  кетті.  Бұрын 
бірге  тұрғанда,  неге  екенін  білмеймін,  көтермей  жүргенмін.  Ол 
кеткен соң екі айдан кейін жалғызсырадым ба, шайтан түртті ме, 
артынан  барып  қайттым...  Енді  «бала  –  менікі  емес»  дегенді 
айтады. Құдай куә, өзім ақпын, бірақ оны қалай дәлелдеймін?» 
Күнімжанның  ақшыл  беті  түтігіп,  күйзелгеннен  даусы 
дірілдеп кетті: 
–  Енді  ешкімге  керек  емес  осы  бәлені  түсіріп  құртсам  ба 
деймін. 


86 
 
– Жігіттің бұрын жаман мінезін байқамадың ба? 
–  Қызғанады.  Кешеде  жан-жағыма  қарасам  да,  «кімге  көзің 
түсті?» – деп тынышымды алады. Осы күні өте басылып кеттім. 
Кісіге тура қараудан қорқатын болдым. Қыздар: «Қызғанғаны – 
жақсы көргені», – дейді, қайдан білейін. 
–  Күнімжан,  шектен  асқан  қызғаныш  парасатты  адамға  тән 
емес.  Әйелін  үстіндегі  киімі,  қолындағы  заты  сияқты  меншігім 
деп  қарайтын  кісі  шығар.  Өзіне  жар  еткісі  келмесе,  сені  жақсы 
көргені ме? 
Он шақты жыл бұрын да осындай бір оқиға болған еді. Аяғы 
ауырлап  қалған  қыз  қуынып,  жігітті  оқудан  шығаратын  болған 
сон, амалсыз еліне алып кеткен. Ақыры, кикілжіңмен дұрыс өмір 
сүре  алмай,  ажырасып  тыныпты.  Екі  адамның  қосылған 
қуанышты  күндері  шырғалаңмен  басталса,  аяғын  болжау  қиын 
ғой. Күнімжанға қандай ақыл айтарсың? 
Ең әуелі баланы алдыру туралы ойынан қайтару керек болды. 
«Менің  бұл  жағдайымды  естісе,  шешем  өледі.  Ағаларыма  қара 
бет боламын», – дейді. 
– Сол жігітке шықпай-ақ қойсаң қайтеді? Еліңе баруға ұялсаң, 
оқуды  бітірген  соң басқа облысқа  кетесің бе? –  деп көріп  едім, 
оған: 
– Жігітіме ақтығымды дәлелдемесем,  өмір сүрмеймін, – деп 
келіспеді. Тығырыққа тірелсе, өзіне-өзі қол жұмсау да ойында бар 
секілді.  Ақыры,  сұрастырып  келіп,  жігіттің  өзі  апарып 
таныстырған  мұғалім  апасы  бар  екен,  солай  қарай  хат  жазудан 
басқа амалын таппадым. Сол апасы себеп болды ма, білмеймін, 
Күнімжан  жігітіне  қосылды.  Босанып,  ұлды  болды.  Оқуды 
бітіріп,  еліне  де  кетті.  Сырт  қарағанда  жағдайы  орнына  келген 
сияқты. Бірақ «сол  қыздың тағдыры не болды екен?»  – деп жиі 
ойлаймын.  Әйтеуір,  намысқа  тыртысамын  деп,  өмірін  қор 
қылмаса болды да. Тіл табысып кетсе, кәнеки. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет