Талдықорған – 2023 жыл



бет2/3
Дата20.09.2023
өлшемі35,8 Kb.
#109093
1   2   3
Байланысты:
Адамгершілік - асыл қасиет

«Есімдер аллитерациясы»
Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен сәнді –Сандуғашпын
Мен гүлдей- Гүлнармын
Мен айдай – Айдынмын

1-жүргізуші: Бүгінгі біздің адамгершілік тақырыбы өздеріңіз байқағандай адамның бойындағы асыл қасиеттер - адамгершілік пен жақсылық туралы болмақ. Ендеше ата - аналар мен педагогтар болып екіге бөлініп отыралық.


1 - топ: ана - аналар
2 - топ: педагогтар

Алдарыңызда екі қағаз бар, онда екі түрлі сөз жазылған. Әр топ өздеріне берілген пікірдің мән - мағынасын ашып беру керек.

1. Адамның адамгершілігі - ақыл - ғылым, жақсы ата - ана, ұлағатты ұстаздан болады. (А.Құнанбаев)
2. Адамда жақсы қасиет болмаса, оқан бақ та, бақыт та қонбайды. (Ж. Баласағұни)

Екі жақтың пікірі тыңдалып, қорытындысы шығарылады.


2-жүргізуші: Бейне көрсетілім «Адамгершілік»
Ата-ана мен педагогтар арасында талданады....
1- жүргізуші: Орындарыңмен алмас.
Мен адам бойында кездесетін кез - келген қасиеттерді айтамын, егер сол қасиеттер кімнің бойында болса сол адамдар бір - бірімен орындарымен ауысуы қажет.

Ол адал, әділ, үнемі жақсылық істейді; қызғаншақ, ұрысқақ, өтірік айтады; мейірімді, қарапайым; менменшіл, мазасыз. (Ойын қорытындысында әр адам өз бойындағы жақсы қасиеттері ғана емес жаман қасиеттері бар екенін де мойындап, пікір алысады.)



2-жүргізуші: «Бала мүсіні»
«Бала мүсіні» көрініс
Психолог: баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.
Менің кішкентай балам балабақшаға барады. Біз екеуміз балабақшаға асығып келеміз, автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің балам өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды. Мен баламның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдік.

  • Анашым, анау не,қарашы!-деді балам.

  • Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен.

  • Сол сәтте балам сөздерді тура мағынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай балабақшаға асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестіріп қалдым. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық. Балам мұхият тыңдап, содан соң былай деді.

  • Анашым, анашым, құстың сайрағанын естимісің? Асхат деген ағай кім?-деді.

  • Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой, үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен баламның құлағын байлаймыз)

Біз автобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз. Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін. Бүгін қандай
күн, тамаша болады! Анам мен Карина күтіп отырған шығар мен оған алма әкелемін дегенмін, анау ше..... –деді.

  • Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсызда кешігіп келеміз. Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда, әрі қарай жылжыдық. Балам үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.

  • Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен. Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып, оған айқайладым.

  • Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой!ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

  • Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты, не дұрыс жаза алмайды, не дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайлады.

  • Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА!(осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп, әрі қарай баламды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет