Талдықорған – 2023 жыл


Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау



бет3/3
Дата20.09.2023
өлшемі35,8 Kb.
#109093
1   2   3
Байланысты:
Адамгершілік - асыл қасиет

Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау

  • Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

  • Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?

  • Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер! Негізінде балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін білесіз бе? Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса, ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек екен. Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет. Бала өзі ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек.
«Көңілді күн» сергіту сәті
1-жүргізуші: Ситуациялық сұрақтар:

  1. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әәрекетіне көңілі толмай:»Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

  2. Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

  3. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?

  4. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

2-Жүргізуші: Бейне көрсетілім (иттің жақсылығы)
Ата-ана мен педагогтар арасында талданады....
1-жүргізуші: Адамгершілік - асыл қасиет, адам аз ғана өмірде бір - бірімен сыйластықта, жақсылықта өмір сүруге талпынса өміріміз де нұрлана түседі. Біреудің кемшілігін қана емес жақсылығын да көре білу керек. Біреуге қарап сұқ саусағыңды көрсетсең қалған үш саусағымыздың өзімізге қарайтынын көбіміз байқамаймыз. Ендеше Хорес Ратледждің әдемі сөзіне назар аударайық:
Егер өмірге тар көзбен қарасаң, ол соншалықты тар. Оған жиіркенішпен қарасаң, соншалықты жиіркенішті. Оған жарқын, кең, дос көңілмен қарасаң, қаншама тамаша адамды табасың.
Ендеше бүгінгі кездесуімізден Жақсылық нұры мен Адамгершілік нәрін бойымызға сіңірдік деп ойлаймын.
2-жүргізуші: Қорытынды: «Тілек шамы» ата-аналар мен педагогтар бүгінгі шарадан алған әсерімен бөліседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет