Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет6/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   332
Күрделі сөз тіркестері
Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі 
уақытта ғана бір жүйеге келе бастады.
Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мəселесі жө-
нінде Н.К. Дмитриевтің, А.Н. Кононовтың, Е.И. Убрятовалардың 
еңбектері жарық көрді. Олар қиыса, қабыса жəне меңгеріле бай-
ланысқан сөз тіркестері түрінде сипаттайды.
Қазақ тілі білімінде сөз тіркесі (сөйлем мүшелерінің бай-
ланысы) 1950 жылдарға дейін тек мектеп грамматикаларының 
көлемінде айтылып келді. Онда да сөз тіркесіне толық анықтама 
беріп, оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген 
ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің 
жемісі болып отыр.
Сол туралы А.А. Коклянова: «Сөздердің байланысы, септікті 
жəне шылаулы тіркестер мен анықтауышты конструкциялар түркі 
тілдерінде əлдеқашан қолға алынған болатын. Алайда арнаулы 
зерттеулер тек қазір пайда бола бастады. Соның бірі – профес-
сор М. Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в казахс-
ком языке» деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерінің 
құрылымдық түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін, шылаулы 
меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген мəселелерін жан-
жақты дұрыс көрсетеді» [10, 39] – деген болатын.
М. Балақаевтың еңбегі – түркі тілдерінде сөз тіркестері ту-
ралы бірінші туынды. Мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген 
теориялық мəселелерін жан-жақты ашып берді, сондықтан ға-
лымның еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады.
М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге 
бөліп, оның əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, олардың ба-
сыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз 
таптарынан болатындығын жəне ондай кездегі тіркесу қабілетін 
дұрыс қорытындылайды.
Сол сияқты автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байла-
нысу формалары мен амалдарын жəне олардың синтаксистік 
қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу формаларына 
қарай қабысу, қиысу, меңгеру жəне матасу деп төртке бөліп қа-
растырады.
Осы күнге дейінгі жəне осы кездегі көптеген түркі тіліндегі 
еңбектерде байланысу формаларын дəл орыс тіл біліміндегідей 


16
Күрделі сөз тіркестері
үшке бөліп берушілік басым болып келді. Əрине, мұндай 
жағдайда əрбір тілдің өзіндік ерекшелігіне қарау керектігі айқын. 
Осы тұрғыдан алғанда М. Балақаев басқа тілдерге қарағанда 
қазақ тілінде 4-түріне матасу деген байланысу формасын енгі-
зеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай 
дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр.
Сөз тіркесін сөйлемнен ажырату – жалпы тіл білімінде негізгі 
мəселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып, 
оның не екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мəселе мы-
нада.
Сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің 
тіркесін жатқызамыз ба, əлде предикативті қатынасты да жат-
қызамыз ба?
Осы негізде кейбір ғалымдар, мысалы: Фортунатов, Пешков-
ский, т.б. толық мағынасы бар грамматикалық тіркестердің бар-
лық түрін сөз тіркесіне жатқызамыз дейді. Фортунатовтың пікірі 
бойынша, сөйлем дегеніміз – сөз тіркесінің бір түрі (разновид-
ность), көрінісі. Бұлардың пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің 
ешбір айырмашылығы болмайды. Керісінше, кейбір ғалымдар 
Буслаев, Потебня, Шахматов, т.б. сөз тіркесін жоққа шығарады. 
Олардың ойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы жəне сөй-
лемнің мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мəселе тек 
түркі тілдерінде ғана емес, басқа тілдерде де түрліше қаралды.
Сөз тілдік единица болып табылады. Ол морфология, лексико-
логия, семасиологияның объектісі бола отырып, сөз тіркесіне де 
қатысты. Өйткені ол сөз тіркесіне де, сөйлемге де негіз болады. 
Оларсыз жалпы сөйлем құрылмаған да болар еді. Сөз, негізінде, 
сөз тіркесін құруға негіз болса, ал екеуінің бірлігі сөйлем құрауға 
негіз болады. Олай болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз 
байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірін тіркестіріп, оны жетілдіре 
түсу ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге 
болады.
Профессор М. Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лекси-
кология, семасиология, стилистика, сөз таптары жəне сөйлем 
мүшесінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі кемінде 
толық мағыналы екі немесе одан да көп сөзден құралады да, олар 
біріне-бірі бағына байланысады екен.


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет