260
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
алты жастағы жеткіншектерді бірінші класта оқыту. Міне, осы
жаңалыққа байланысты тілімізге жаңа сөз тіркестері енді. Əрине
мектеп реформасы, мектеп оқушысы, мектеп мұғалімі сөз
тіркесі бізге белгілі. Бұрынғы жəне қазіргі жеткіншек тек жеті
жасқа толғанда ғана мектепке алынатын. Ол заңды, үйреншікті
нəрсе болғандықтан, əдетте біз тек
бірінші класс оқушылары де-
ген сөз тіркесін қолданатынбыз. Ал бүгінгі күні бірінші сыныпқа
оқушыларды алты жастан бастап қабылдау заңдылығының
шығуына байланысты енді ол туралы жаңа сөз тіркестерін
қолдануымызға тура келеді. Бұл негізде алты жастағылар оқитын
бірінші сыныптарда сабақ өту, тəрбие беру, мəдениеттілікке бау-
лу, еңбек сүйгіштікке баулу, оларды дем алдыруда тағы да бас-
қа ерекшеліктер бар. Мысалы: Алты жасарларды оқыту бағдар-
ламасын іске асыру мақсатында Талдықорған облыстық мұғалім-
дер білімін жетілдіру институтында елеулі жұмыстар атқарылды
(«Қазақстан мұғалімі»). Осы мысалдағы
алты жасарларды оқы-
ту бағдарламасы деген тіркес жаңа тіркес болып есептелінеді.
Сол сияқты
мектеп мұғалімі деген сөз тіркесі негізінде
алты
жасарларды оқытатын мұғалімдер деген тіркес те осы жаңа-
лыққа сай еніп отыр.
Қазіргі кезде компьютер барлық салаларда қолданылуда.
Компьютердің мектепте қолданылуына байланысты да тілімізде
көптеген жаңа тіркестер пайда болды. Сауаттылық сөзі компью-
тер сөзімен тіркесуі арқылы
компьютерлік сауаттылық деген
жаңа тіркес пайда болды. Мысалы, Еліміздің ғылыми-техника-
лық, өндірістік жəне Отан қорғау потенциялы маман-кадрлар-
дың
компьютерлік сауаттылығының деңгейі мен сапасына бай-
ланысты екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр («Қазақстан мұға-
лімі»).
Достарыңызбен бөлісу: