Талғат сайрамбаев


 Кейбір жаңа тіркесімділік туралы



Pdf көрінісі
бет126/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

6. Кейбір жаңа тіркесімділік туралы
Қазіргі қазақ тілі қай кезеңде де жан-жақты даму үстінде. 
Əр жыл сайын бірнеше ғылыми еңбектер мен оқу құралдары
түрлі сөздіктер жарық көреді. Қазіргі кезде мектеп, педучили-
ще мен жоғары оқу орындары тілдің барлық саласынан жетілген 
оқулықтармен қамтамасыз етілген. Бірақ осыншалықты жетілген 
оқулықтарымызда əлі де болса толықтыра түсуді қажет ететін 
мəселелер де жеткілікті. Оның өзі тілдегі болып жатқан жаңа 
тілдік заңдылықтармен тығыз байланысты.
Күнделікті техника мен экономикада жəне ғылымдағы жа-
ңалықтар мен жаңа нəрселерге байланысты тілге жаңа атаулар да 
еніп отыр. Əрбір тілші тек бар оқулықтармен шектелмей, өзінің 
күнделікті сабағында өмірде болып жатқан сан қилы жаңалық-
тарды, соған сəйкес тілдік мəселелерді күнделікті қадағалап 
отыруға тиіс. 
Əрине сөз тіркесі болу үшін кемінде екі дербес мағынасы бар 
сөздер болуы керек. Жаңа сөз тіркесі туралы сөз еткенде алды-
мен тілде пайда болатын жаңа сөздер туралы сөз болмақшы.
Тілдегі жаңа сөздер дегенде қоғамымызда болып жатқан əр 
алуан құбылыстар, əр алуан дүниелер, техника, ғылым өндіріс 
жаңалықтары ескеріледі.


256
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Осы күнгі тілші ғалымдардың көрсетуінше, қазақ тілі ауызекі 
сөйлеудің ерен үлгілерін жасаған. Алғашқы дəуірлерде қазақтың 
өзінің бай сөздік қорының нəтижесінде қалыптасқан сөз бен 
сөз тіркестері мол болғандығын, ал Қазан төңкерісінен кейін ол 
өзіміздің байырғы сөздік қорымыздың үстіне түрлі терминдік 
сөздердің енуіне байланысты, тілдік қорымыз əлдеқайда кеңейе 
түсті. Елімізде сан алуан мамандықтар пайда болды. Сол ма-
мандықтардың негізінде тілімізде бұрын болмаған терминдер 
қалыптасқан. Сол термин, терминдік топтардың тілімізге енуінің 
белгілі дəуірлері болды, сол əрбір кезең өзіндік із қалдырып 
отырды. Əсіресе терминдер 1930 жылдардан бастап тілімізге мол 
ене бастады. Ол – үнемі болып отыратын құбылыс.
Əсіресе еліміздің шұғыл бетбұрыс кезеңінде дүниежүзілік 
маңызға ие болған тарихи оқиғалар қоғам өмірінің барлық сала-
сында ешбір теңдесі жоқ сан мыңдаған жаңалықтар енгізуде. 
Соңғы кездегі жаһандану ықпалының жан-жақты əсері, мектеп 
реформасы, кадр мəселесін қайта қарау, əсіресе əйелдер ұйымын 
жаңаша жандандыру, мектептерді компьютерлендіру сияқты қа-
зіргі кездегі болып жатқан оқиғалар негізінде көптеген жаңа тер-
миндер еніп отыр. Қоғамдағы жаңалыққа байланысты қабыл-
данған атаулардың өзі екі түрлі жағдайда қалыптасса керек. 
Біріншіден, əрбір термин дайын күйінде басқа тілден алынса, 
кейбірі көбінесе өз тіліміздегі байырғы сөздер арқылы іске аса-
ды. Осы сияқты жаңа құбылысқа сай сөздердің қалыптасуы лек-
сикада басты орын алады. Бірақ тілдегі ондай сөздер лексикалық 
қорымызға енгенімен, түбінде сөйлеу процесіне қатыстылығы 
айқын. Ол сөздер сөйлемде белгілі дəрежеде өзімен мағыналас 
сөздермен тіркесте болуы тиіс. Міне, біз тек соңғы 3–4 жылдар 
арасындағы жоғарыда аталған жаңа жайттарға сай тілдегі жаңа 
ұғымдар жəне оларға қатысты пайда болған сөз тіркестерін сөз 
етіп отырмыз. Біз мысалдарды көбінесе «Социалистік Қазақстан», 
«Қазақстан мұғалімі», «Қазақ əдебиеті», «Лениншіл жас», «Оң-
түстік Қазақстан», «Шамшырақ» газеттері мен «Білім жəне 
еңбек», «Қазақстан ауылшаруашылығы», «Қазақстан мектебі», 
«Қазақстан əйелдері» журналдарынан алдық.
Тілдегі жаңа сөз тіркестерін сөз еткенде, əрине, оған ішкі 
даму процесі мен сыртқы əсері ескерілуі тиіс. Біз алдымен өз 


257
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
тіліміз арқылы болған процестерді сөз етіп алып, соңынан сырт-
қы факторларға тоқталуды жөн көрдік.
Қазақ – музыкалық аспаптарға бай ел. Əсіресе оның ішінде 
ең жалпыхалықтық музыкалық аспаптың бірі – домбыра.
Домбыра қайда барсам тастамаймын,
Əнменен сенсіз өлең бастамаймын.
Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен
Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын, –
деп қазақ домбыра арқылы өзінің қуанышын да, қайғысын да 
халқына жеткізе білген. Сондықтан да халқымызда домбыраның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет