Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет127/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

тиегі, ішегі, құлағы, беті, ағашы, түрі, пернесі, т.б. толып жат-
қан терминдер қалыптасты да, сол терминдер сөйлемде мол қол-
данылып келеді. Əрине домбыра туралы терминдердің де қалып-
тасуы, олардың түрлерінің көбеюіне байланысты (Жамбыл дом-
быра, Абай домбыра) болса, сонымен домбыра туралы кейбір 
ойлар, олардың беттеріндегі өзгерістер туралы, қазіргі кезде 
айшықтап тесу, қос мойындық домбыра мен домбыраға техника-
лық тетіктерді қосуға байланысты айтылып тұр. Жалпы алғанда 
домбыра туралы терминдер осы күнге дейін жалпыхалықтық 
дəрежеде жан-жақты қолданылуда.
Дегенмен соңғы кезде техникалық жаңалықтардың да əсеріне 
байланысты домбыра аспабында да кейбір жаңа құбылыстардың 
ене бастағандығын көруге болады.
Əдетте домбыраның үні, жақсы домбыра деп айтыла беретін. 
Бірақ соңғы кезде домбыра аспабына электр қуатын қосу арқылы 
онда екі түрлі құбылыс пайда болып отыр. Біріншіден, домбы-
ра сөзіне электр сөзі қосылып электро-домбыра деген біріншісі 
интернационалдық, екіншісі əдеттегі байырғы сөзіміз арқылы
жаңа термин пайда болып отыр. Екіншіден, енді ол сөздердің 
тіркесуі аясында да белгілі дəрежеде өзгерістер еніп отырғанын 
көруге болады. Бұрын домбыра зат есімі көбіне тарту, шерту, 
күйге келтіру, күмбірлету етістіктерімен меңгеріле байланысқа 
түсетін болса, енді қосу етістігімен тіркесе алатын дəрежеге ие 
болып отыр. Мысалы: Осы домбыраны да тоққа қосып көрсек 
қайтеді? («Білім жəне еңбек») немесе Бұрын қазақта ойыңды 
домбыраға ауыстырсақ дейтін етістікті тіркес болатын, енді 
Электрогитарадағы датчиктерді домбыраға ауыстырып сала салу-


258
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ға болмайды («Білім жəне еңбек») дегендегі алғашқы домбыраға 
ауыстыру мен домбыраға ауыстырып салу тіркестеріндегі ба-
сыңқы етістіктің аясының кеңею процесін көруге болады. Осы 
кезге дейін қос ішек, тоғыз пернелі, екі құлақ, жақсы сөздері 
домбыра сөзіне анықтауыштық қызметте жұмсалса, енді ондай 
анықтауышты сөздердің аясының кеңейгендігін көруге болады. 
Мысалы: Республикалық жас техниктер станциясы өнертапқыш 
оқушы Мұсатаевтың бұл туындысын дəйекті деп бағалады. Со-
нымен электрлі домбыраны қолдан жасап алуға болады екен 
(«Білім жəне еңбек») дегенде домбыра сөзіне электрлі қатыстық 
сын есімі тіркесіп, анықтауыштық қатынастағы жаңа сөз тіркесін 
құрап отыр. 
Қазіргі кезде əйелдердің рөлін арттыру қолға алына бастады. 
Əйелдердің тұрмыс жағдайын, еңбек жағдайын жақсартуға ерек-
ше көңіл бөлініп отыр. Осы жаңалыққа байланысты біздің сөздік 
қорымызға анықтауыштық қатынастағы жаңа сөз тіркестері енді. 
Осы күнге дейін КСРО Жоғарғы Советі, КСРО Министр-
лер Советі сияқты сөз тіркестерін білсек, енді осы сөздің қа-
тысуымен соңғы кезде əйелдер советі тіркесі еніп отыр. Мысалы: 
5 желтоқсанда республикалық əйелдер советін құру жөніндегі 
ұйымдастыру комитетінің мəжілісі болды («Лениншіл жас»).
Əйелдер советі сөз тіркесінің ізімен енді сол арқылы да 
жаңа сөз тіркестері пайда болды. Республикалық əйелдер советі, 
əйелдер советі президиумы, сол сияқты конференция сөзімен де 
тіркесу арқылы анықтауыштық қатынастағы сөздердің де аясы 
кеңейе бастады. Бұрынғы жазушылар конференциясы, мұғалімдер 
конференциясы сияқты енді əйелдер конференциясы деген тіркес 
қалыптасып отыр. Мысалы: Республикалық əйелдер советі əйел-
дердің бүкілодақтық құрылтай конференциясына делегаттар сай-
лады («Лениншіл жас»).
Бесжылдық мерзім, он жылдық мектеп, бесжылдық жоспар 
деген сөз тіркестері тілімізге еніп, сіңісіп кеткен еді. Қазір біздің 
əдеби тілімізде əйелдер советі сияқты əйелдер онжылдығы де-
ген жаңа сөз тіркесі еніп отыр. Мысалы: Конференцияның күн 
тəртібінде талқыланған тоғыз мəселенің ең негізгісі əйелдер 
онжылдығының мақсаттары мен міндеттеріне шолу жасау жəне 
баға беру («Қазақстан əйелдері»). Осы іспеттес əйелдер клубы, 


259


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет